Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер
|
Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Сынып: 6
|
Сабақ тақырыбы
|
Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылар:
-
шынайы құбылыстардың графиктердің көмегімен шамалардың арасындағы тәуелділіктерді табады және зерттейді.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
-
функция графигінің мағынасын түсіндіреді;
-
функцияның аргументке тәуелділігін көрсете алады;
-
графиктерді пайдаланып шамаларды табады және зерттейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
-
шынайы құбылыстардың графиктерін пайдаланып, шамалардың арасындағы тәуелділіктерді түсіндіреді
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
-
шамалардың арасындағы тәуелділік;
-
қашықтық, жылдамдық, уақыт;
-
жұмыс, өнімділік, уақыт;
-
баға, мөлшер, құны;
-
масса, тығыздық, көлем;
-
аудан, ұзындық, ені;
-
ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
-
график арқылы келесілерді .... табамыз, себебі ….
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады.
|
Бастапқы білім
|
Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі.
|