|
(Т) Талдау
1-тапсырма
Практикалық жұмыста берілген тапсырманың программа кодына талдау жасаңдар. Программаға a=7, b=20, c=9 және a=13, b=11, c=0 мәндерін қойып, қолмен тексеріңдер. Бұл мәндерді қабылдау барысындағы программаның әрбір қатарындағы командалар жұмысының нәтижесін қағазға жазып отырыңдар. Алған нәтижелеріңді талдау барысында программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы жатыр? Анықтаңдар.
Программа коды:
a, b, c=map (int, input ().split ())
t=k=h=p=s=0
if (a+b+c)%3= = 0:
k= (a+b+c) / / 3
t= a-k; p=b-k; h=c-k
if t > 0:
s=s+t
if p > 0:
s=s+p
if h > 0:
s=s+h
print (s)
else:
print (-1)
|
Дескриптор:
Берілген программа кодына талдау жасайды.
Программаға берілген мәндерді енгізіп тексереді.
Программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы бар екенін анықтайды.
|
Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
|