Қысқаша лекциялар жинағы



бет15/25
Дата31.12.2021
өлшемі349 Kb.
#107394
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Қысқаша лекциялар жинағы
Қысқаша лекциялар жинағы
Мембрандық потенциалдар деп цитоплазманың ішкі және сыртқы беттерінің арасында пайда болатын потенциалдар айырмын айтамыз.

∆φМ = φіш - φсырт (1)



Биопотенцияалдарды зерттеу негізінен 3 –түрлі жолмен жүзеге асады:

  1. Жасуша ішілік потенциалдарды өлшеуге арналған Микроэлектродтық әдісі арқылы.

  2. Биопотенциалдарды күшейтетін арнайы күшейткіштер арқылы.

  3. Зерттеуге қолайлы үлкен жасуша таңдалынып алынды – солардың ішінде Кальмар аксонын пайдаланып жүргізілген тәжірбиелер арқылы.

Кальмар аксонының диаметрі - 0,5 мм жетеді, бұл омыртқалы жануарлар мен адам аксонынан 100 -1000 есе үлкен.

Осы үлкен гиганттық аксонның маңызды физиологиялық қасиеті - оның нерв импульсінің нерв тамырлары арқылы таралуы өте жылдам өтеді.

Биофизика үшін Кальмар аксоны биологиялық өте құнды модельдік материал болды, сондықтан құрбақа (Париж), ит (С. Петербург) сияқты ғылымға сіңірген еңбегі үшін оған да ескерткіш орнату туралы ұсыныстар болды. Гиганттық Кальмар аксонына оның ешқандайда құрылымын өзгертпей Микроэлектродтарды енгізуге болды.

Шыныдан жасаған микроэлектрод ұш жағы ұзартылған шыны микропипеткаға ұқсас болып келеді. (5.1-сурет)



5.1-сурет. Биопотенциалдарды өлшеудің микроэлектродтық әдісі

а) Шыны микропипетка

б) Шыны микроэлектрод

в) Мембрана потенциалын тіркеу схемасы.
Шыны микроэлектродтық ұшының қалындығына сәйкес келетін Меттал электрод – пластикалық иілгіш болып жасушаның мембранасын тесіп өте алмайды, сонымен қатар ол поляризацияиаланады. Электродтың поляризациясынан құтылу үшін поляризацияланбайтын электродтар қолданылады.

Мысалы: Сырты AgCl - тұзымен қапталған күміс сым – электрод КCl немесе NaCl – ертіндісіне толтырылған микроэлектродқа батырылды (желатинизированный агар-агаром) (5.1-б-сурет)

2-ші электрод салыстыру үшін жасушаның сыртқы бетіне орналастырылды. (5.1-в-сурет)

Тұрақты ток күшейткішінен тұратын регистрация – тіркегіш Р – қондырғы – мембрананың потенциалын өлшейді.

∆φМ = φіш - φсырт

Микроэлектродтық өлшеу әдісі тек қана үлкен Кальмар аксонының биопотенциалын өлшеп ғана қоймай, сонымен қатар қалыпты өлшемдегі жасушалардың, басқада жануарлардың нервтік талшықтары мен скелеттік бұлшық еттерінде, миокарда жасушаларында биопотенциалдарды өлшеуге қолданылады.


11-12-13-14-15 лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет