БІРІНШІ БӨЛІМ
от-жалын өткел бермей тұтасқан орман жынысын аста-төк азық
алаңқайына айналдырды.
Отпен келген ең үлкен нығмет - тамақ пісіру еді. Шикі калпында біз
жей алмаған тағам түрлері - бидай, күріш, картоп піскен күйінде тірші-
лігіміздің арқауына айналды. От азығымыздың химиялық құрамын ғана
емес, биологиялық сипатын да өзгертті. Оттың ыстық табы етте құжы-
нап жүрген микробтар мен паразиттерді өлтірді; адамдар жеміс-жидек,
дән-жаңғақ, жәндіктер мен өлекселер тәрізді өздерінің үйреншікті та-
ғамдарын енді жеңіл шайнап, қиналмай қорытатын болды. Шимпанзе
қолына іліккенін қүрғақтай жел, күн сайын ауқаттануға бес сағаттай уа-
қытын зая етсе, адам баласы ыстықтың табына түскен таудай тағамды
бір сағатқа жетпейтін мерзімде жеп тауысады.
Тамақ пісіруді үйренген соң, азық-түліктің жаңа түрлері пайда бол-
ды. Адам ауқаттануға аз уақыт жұмсады, енді оған айбалтадай өткір
азу тіс пен шұбатылған ұзын ішектің қажеті болмай қалды. Кейбір ға-
лымдар отты меңгеру мен ащы ішектің қысқаруы және мидың ұлғаюы
арасында тікелей байланыс бар деп есептейді: ұзын ішек те, үлкен ми
да көп энергияны қажет етеді, сондықтан олардың екеуін бірдей «той-
дыру» организмге қиындау. Ащы ішектің ұзындығы қысқарған сайын
неандертальдық пен
Homo sapiens
-тің миы өсе түсті1.
Отты игеру- адам мен басқа жануарлар арасын алшақтататын ал-
ғашқы сынаны қақты. Жануарлардың барлығы тек өз денесіне - бұл-
шық етінің мықтылығына, тісінің көлемі мен өткірлігіне, қанаттарының
ауқымына байланысты қарекет қылады. Олар ауа мен су ағымдарын
жетік пайдаланады, алайда табиғат күштерін басқара білмейді әрі әу
бастан өз дене құрылымының ерекшеліктерімен шектеліп қалған. Мә-
селен, бүркіттер жерден көтерілетін ауа ағынын ұстайды да, кең қулаш
қанатын керіп, әлгі ағынның өзін көкке самғатып әкетуіне мүмкіндік бе-
реді. Бірақ ол ауа ағынын өзіне қолайлы етіп бөліп-жара алмайды, ба-
рынша көтеру күші оның қанатының көлеміне сәйкес келеді.
От жағуды меңгерген кезде адамдар басқарылатын әрі ешқашан
да сарқылмайтын ресурсты құзырына бағындырды. Бүркіттен айырма-
шылығы адам отты қайда және қашан жағатынын өзі шешеді әрі сан
түрлі мақсатқа пайдалана біледі. Ең бастысы: оттың күші әлдебір пі-
шімге, қүрылғыға немесе адам денесінің қуатына мүлде қатысты емес.
Нәзік те өлжуаз әйелдің қолында шақпағы мен жермайы немесе алау
ағашы болса, аз ғана уақыт ішінде аумағы атшаптырым орманды ер-
теп жібере салады. От жағуды меңгеру ісі болашақтың хабаршысы еді.
Достарыңызбен бөлісу: