ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
Ассирия патшасы әрқашан Ассирия патшасы болып қалды. Тіпті
олар өздерін күллі әлемнің билеушісі сезінгенімен, тек Ассирияның
абырой-даңқын ойлағаны хақ. ¥лы Кир бүкіл халықтың бәрін басқа-
ратынымен ғана емес, сондай-ақ барша халықтың игілігі үшін басқа-
ратынымен де мақтанды. «Біз сендерді өздеріңнің игіліктеріңе бағын-
дырдық», - деді парсылар. Кир Парсы империясының вассалы болу
бақытын сезіну үшін бодандары өзін ұнатқанын қалады. Өз билігіне
бағынған халықтардың ықыласына белену мақсатымен Кир жүзеге
асырған реформалардың ең белгілісі: ол еврейлердің Бабыл құлды-
ғынан отанына, Иудеяға қайтып, ғибадатхананы қалпына келтірулері-
не рұқсат етуі еді. Ол тіпті қаржылай көмек берді. Кир өзін бағынышты
иудейлерді билеп-төстейтін Парсы патшасы санаған жоқ, ол өзін ев-
рейлердің патшасы сезінді, сондықтан олардың игілігі туралы ойлауға
міндетті болды.
Жер шарының барлық тұрғындарының игілігі үшін әлемді басқа-
ру идеясы тың, таңғажайып, бәлкім, табиғилыққа қайшы үғым болды.
Эволюция барша әлеуметтік сүтқоректілер сияқты
Homo sapiens-ке
де ксенофобия дарытты. Sapiens-тер адамзатты көпе-көрнеу «бізге»
және «оларға» бөледі. Біз - мына мен және сіз сияқтылар, олар біз-
бен бір тілде сөйлеп, біздің дін мен салт-дәстүрді ұстанады. Біздікілер
бір-біріне жауап қатады, бөгделерге жауап бермейді. Шектеу әрқашан
болған, біз жене олар жанаспаймыз әрі бір-біріміздің алдымызда еш-
қандай міндеттемеміз де жоқ. Біз оларды өз жерімізде көргіміз кел-
мейді, әрі олардың аумағында не болып жатқанын білуге зауқымыз
соқпайды. Жә, олар адамдар ма, тәйірі? Суданда өздерін «динка» деп
атайтын халық тұрады, бұл сөз тура мағынасында «адамдар» дегенді
білдіреді, ал кім динка болмаса -а д а м емес. Динканың бітіспесжауы -
нуэр тайпасы. Осы тайпаның тілінде «нуэр» сөзі не мағына береді?
«Бастапқы адамдар» деген. Ал Суданнан бірнеше мыңдаған шақырым
қашықтықта жатқан Аляска мұздықтары мен Солтүстік-Шығыс Сібірде
юпиктер өмір сүреді. Бұл сөз юпик тілінде қандай мағына беретінін бі-
лесіз бе? Иә, дұрыс топшыладыңыз: «нағыз адамдар»3 деген сөз.
Тайпалық ерекшелікке қарама-қарсы империялық идеология Кир-
ден бастап, негізінен, инклюзивті әрі бәрін қамтушы сипат алды. Би-
леп-төстеуші ұлттың нәсілдік, әлде мәдени артықшылығын дәріптеген-
нің өзінде де адамзаттың жалпы бірлігі, барлық жерде және әрқашан
әрекет ететін іргелі ұстанымдары бар екенін мойындап, өзара байла-
ныстар мен бәрінің барша жұрт алдындағы жауапкершілікті де қаперге
алған жөн. Адамзат қауымы бұдан былай ата-ананың басымдықтары
балаларына қамқорлығымен мейлінше үйлесім табатын үлкен отбасы
деп есептелді.
Империяның тың тұжырымдамасы
Кир
мен
парсылардан
Александр Македонскийге, одан әрі эллиндік монархтарға, Рим импе-
раторларына, мұсылман халифтеріне, үнді билеушіперіне, тіпті Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: