174
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
одағының бас хатшылары мен Америка президенттеріне көшті. Осы-
нау жалпыадамзаттық тұжырымдама империялардың тірлігін ақтап
шығып, бағынышты халықтардың көтеріліс жасау құқын ғана емес,
сондай-ақ тәуелсіз халықтардың империялық экспансияға қарсы тұру
еркін де жойды.
Парсы моделіне қатысы жоқ осындай империя тужырымдамасы
дүниенің өзге бөліктерінде де - Орталық Америкада, Андта, Қытайда
қалыптасты. Қытайдың дәстүрлі саяси іліміне сәйкес, жер бетіндегі кез
келген заңды биліктің қайнар көзі - Аслан (Тянь). Аслан ең лайық адам-
ды немесе ең үздік отбасын таңдап алып, оған «Аслан мандатын» бе-
реді. Міне, сол адам, әлде отбасы барша азаматтың игілігі үшін Аслан
асты елін басқарады. Осылайша тағайындалған заңды билік бүкіл елге
тіпті күллі әлемге жайылады: «Аслан мандатынсыз» жеке қаланы да
басқаруға болмайды, ал ондай мандатты алған билік иесі бүкіл әлемге
әділеттілік пен үйлесімділік дәнін себуге тиіс. «Аслан мандаты» бір ме-
зетте бірнеше адамға берілмейді, яғни бірнеше тәуелсіз мемлекеттің
өмір сүруі ақылға сыйымсыз нәрсе.
Біріккен Қытай империясының алғашқы әміршісі Цинь Шихуанди
(Qm ShT Huangdi): «Дүниенің терт бұрышындағының бәрі император-
ға тиесілі... адам аяғы тиген жердің бөрінде императорға бағынбай-
тын ешкім жоқ... оның мейірім-шапағаты буқалар мен жылқыларға да
жетеді. Мүны бәрі игілігіне жаратады. Әркім өз шатырының астында
қауіпсіз күн кешеді»4 деп мақтанды. Қытайдың саяси аумағында да,
тарихнамасында да осыны негізге ала отырып, империялық кезеңді
тәртіптілік пен әдептіліктің алтын дәуірі ретінде сипаттайды. Әділетті
әлем құрылысын жекелеген ұлттық мемлекеттердің мозаикасы түрін-
Достарыңызбен бөлісу: |