&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ролі халықтан заңсыз салықтарды сығып ала отырып, жаулап алу жо-



Pdf көрінісі
бет341/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ролі халықтан заңсыз салықтарды сығып ала отырып, жаулап алу жо-
рықтарын қаржыландыруға тырысты. Испан короліне ешқашан қарызға
татырмайтын ақшаны әсіресақ инвесторлар голланд үкіметіне де біраз
ойланып барып берер еді. Бүкіл байлығын жаңа империяны жарық дү-
ниеге алып келген голландтық бірлескен кәсіпорындарға құлшына са-
лар еді.
Әлдебіреуге қандай да бір компания орасан мол пайдаға кенелте-
тіндей көрінгенімен, оның бүкіл акциясы сатылып кетсе, акцияны иесі-
нен қымбат бағаға сатып алуына болады. Ол акцияларды сатып алған-
нан кейін компания ісі шатқаяқтап кері кетсе, әлгі акцияларды арзанға
сатып жібере алады. Ал бұл үрдіс Еуропа астаналарының біразында
ерекше биржа - компанияның акцияларын сату ісіне алып келді.
Ең танымал голландтық акционерлік компания - Біріккен Ост-Инд
компаниясы (БОК) голландтар испан езгісіне қарсы шығып, испан ар-
тиллериясының күркірі Амстердам маңайынан естіліп тұрған шақта,
1602 жылы құрылды. БОК акциялар сатудан түскен қаражатты кеме-
лер құрастыруға жұмсап, оларды Азияға аттандырды да, Еуропаға
Қытай, Үнді жене Индонезия тауарларын тасыды. Сонымен қатар ком­
пания өз флотының бәсекелестер мен теңіз қарақшыларына қарсы
әскери іс-әрекеттерін қаржыландырды. Соның нәтижесінде БОК-тың
ақшасымен Голландия Индонезияны бағындырды.
Индонезия - әлемдегі ең ірі архипелаг. XVII ғасыр басында сан
мыңдаған аралдар жүздеген корольдер мен князьдердің, сұлтандар
мен тайпа көсемдерінің қарамағында болды. 1603 жылы БОК өкілдері
Индонезияға таза коммерциялық мақсатпен барды, бірақ өз мүдделе-
рін қорғап, акционерлердің мейлінше көбірек табыс табуын қамтама-
сыз ету үшін саудагерлерге тым жоғары баж салған жергілікті билеу-
шілермен де, еуропалық бәсекелестермен де шайқасуға тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет