&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет348/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

281


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Капиталдың қамы үшін
Голландия өкіметінің 1800 жылы - Индонезияға, Британ билігінің
1858 жылы - Үндістанға ұлттық иелігін қайтарып беруі, капитализм мен
империализмнің одағына үзілді-кесілді нүкте қоя алмады. Керісінше,
XIX ғасырда бұл одақ нығая түсті. Акционерлік компаниялар жеке ко-
лониялар қүрып, оларды басқарудың қажеті болмай қалды. Олардың
басшылары мен ірі акционерлері қажет кезінде Лондондағы, Амстер­
дам мен Париждегі тетіктерге қолдарын соза қойды. Енді олардың
мүдделеріне мемлекет көз қырын салып отыратын болды. Маркс жене
капитализмнің басқа да сыншылары Батыс елдерінің үкіметтері капи-
талистік кәсіподаққа айналуда деп мысқылдады.
Билік атаулының көп ақша жетегінде қалай кететінінің ең сорақы бір
мысалы Англия мен Қытай арасындағы Бірінші апиын соғысы (1 840-
1842) еді. XIX ғасырдың бірінші жартысында Британияның «Ост-Инд»
компаниясы мен көптеген бизнесмендері Қытайға апиын жеткізумен ай-
налысты. Миллиондаған қытай нашақорға айналды. Бұл елдің экономи-
касы мен әлеуметтік құрылымына ауыр соққы еді. 1830 жылдары Қытай
өкіметі апиын саудасына тыйым салды, бірақ ағылшын саудагерлері
жергілікті заңға пысқырған да жоқ. Қытай өкіметі есірткілер легін жоюға
кірісті. Сол кезде Вестминстерде жене Даунинг стритте (парламент пен
үкімет мүшелерінің көбі бұлардың акцияларын сатып алған) байланысы
бар наркокартельдер бұл іске мемлекетті араластырды.
1840 жылы Англия «сауда-саттық еркіндігі үшін» Қытайға қарсы
соғыс жариялады. Жеңіске оңай жетті: қытайлар ғажап қаруларға -
ауыр артиллерияга, бу кемелеріне, шапшаң ататын винтовкаларға
төтеп бере алмады. Әділетсіз келісімшарт бойынша Қытай ағылшын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет