&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет356/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ
діндер - мысалы, христиандық пен нацизм әлдекімді жек көрген соң
ғана миллиондаған халықты қырып тастады. Капитализм миллиондар-
ды араны ашылған ашкөздікпен жайбарақат жер жастандыра салды.
Трансатланттық құл саудасы әлдекім африкалықтарды жек көргендік-
тен басталған жоқ. Акцияларды сатып алған адамдар, оларды сатқан
брокерлер, құл саудасымен айналысатын компания қызметкерлері де
африкалықтар туралы жақсы да, жаман да ойлаған жоқ. Иә, планта-
торлардың да көпшілігі өз егістіктерінен алые жерде турды, тек пайда
мен шығын жөніндегі есептемелерді ғана қадағалады.
Трансатланттық құл саудасы - капитализмнің кіршіксіз шекпенін-
дегі бір ғана дақ емес. Алдыңғы тарауда айтқан Бенгалиядағы ашар-
шылықтап әлгіндей себептерден туындаған еді. Британның «Ост-Инд»
компаниясы миллиондаған бенгалдардыңөмірінен гөрі өзінің пайдасы
туралы бас қатырды. Голландтың «Ост-Инд» компаниясының Индоне-
зиядағы әскери іс-әрекетін қолдауға өз балаларын жанындай жақсы
көретін, қайырымдылық шараларынан ақшасын ешқашан аямайтын,
тәуір музыка мен бейнелеу өнерін бағалай білетін, бірақ Ява, Суматра
мен Малакки тұрғындарының айлапат азабына жандары ашымайтын
абырой-беделі батпандай қала байшыкештері ақша бөлді. Дүниенің
басқа бөліктерінде де жаңа заман экономикасының туындауы мен да-
муы қисапсыз қылмыстармен қабаттаса өрбіп жатты.
XIX ғасырда капиталистік этика адамгершілік сипатын жоғалта
түсті. Индустриялық революция еуропалық капиталистер мен бан-
кирлерді байытқанымен, миллиондаған жұмысшыларды тақыр кедей-
шілікке ұшыратты. Отар елдердің жағдайы одан да мүшкіл еді. 1876
жылы Бельгия королі II Леопольд, өзі айтқандай, Орталық Африканы
зерттеп, Конго өзенінің жағалауындағы құл саудасына тосқауыл қою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет