&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


керек мөлшерден артық ақша тапса, ол тағы да көмекші шеберлерді



Pdf көрінісі
бет353/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

керек мөлшерден артық ақша тапса, ол тағы да көмекші шеберлерді
жалдайды». Өзімшіл ашкөздіктіңде игілігі бар, өйткені басы артықақша
өндірісті кеңейтуге жұмсалады да, көп адам жұмысқа орналасады.
Ал тас сараң етікші қосымша пайданы сығып алу үшін көмекші ше-
берлердің жалақысын қысқартып, жұмыс күнін үзартса ше? Үйреншік-
ті жауабы мынау: қызметкерді нарық қорғайды. Етікші тым аз төлеп,
өте көп істеуді талап етсе, қызметкері оны тастап, бәсекелесіне кетіп
қалады. Әлгі сараң қожайынның қарауында қолынан іс келмейтін ша-
лағай көмекшілер қалады. Ендеше, оған мінез-құлқын өзгерту немесе
шеберханасын жабу керек. Өзінің сараңдығы оны қызметкерлермен
үдайы санасып, кішіпейіл сөйлеуге мәжбүр етеді.
Теория жүзінде бәрі мінсіз, алайда теорияның құрыш сауыты өмір
шындығының тегеурініне төтеп бере алмайтын да кезі болады. Король
де, діни қызметкер де қадағаламайтын емін-еркін нарықта дүниеқұмар
капиталистер бір-бірімен астыртын келісім жасап, монополия құруы
мүмкін ғой. Аяқкиім фабрикаларының бәрі бір корпорацияның қол ас-
тында тұрса немесе барлық фабрика иелері бір мезетте жалақының
мөлшерін қысқартуға келісіп алса, жұмысшы бір жаман қожайыннан
жақсылау көрінген екіншісіне кетумен мәселесін шеше алмайды.
Ең сорақысы, сараң басшылар жүмысшыларды зауыттарға басы-
байлы ету жөнінде заң шығарып, қарызбен матап тіпті құлиеленушілік
жүйеге қайта оралып, олардың жүріп-түруын тежеп тастауға тырыса-
ды. Орта ғасырлардың соңына таман Еуропаның христиан елдерінде
құлдық түгелдей жойылды. Ж аңа заманның басында еуропалық капи­
тал измнің өрлеуі трансатланттық құл саудасының өсуімен қатар жүрді.
Бұл кесапатқа кінәлілер - тәж киіп, тақ мінген озбырлар да, нәсілдік
идеология да емес, нарықтың бөгеу бүзар екпіні еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет