сонымен қатар саяси, әлеуметтік тіпті мәдени факторларды да ес- кереді. Зұлым үкіметі, ішкі қақтығыстары мен жемқор сот жүйесі бар, бірақ мүнайға бай елдің несиелік рейтингі төмендеп, салыстырмалы түрде кедейшілік кепешін киеді, өйткені ұңғыларды толықтай игеруге жеткілікті капитал жинай алмайды. Ал ешқандай табиғи ресурсы жоқ, түрақты тұрмыс кешетін, тәуелсіз сот жүйесі мен ашық басқару жүйесі 2 8 3
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ бар ел жоғары несиелік рейтингке жетеді. Ол білім берудің тиімді жү- йесін қомдап, жоғары технологиялар саласын дамыту үшін мейлінше арзан займдар тарта алады. Еркін нарықғұрпы Капитал мен саясат бір-біріне ықпал ететіні сонша - олардың қа- рым-қатынастары экономистердің, саясаткерлер мен жұртшылықөкіл- дерінің қызу пікірталасын туындата береді. Ісіне жан-тәнімен беріл- ген капиталистер саяси мүдделерден экономикалық саясаттың жапа шегіп қалуынан қауіптенеді: бұл жосықсыз инвестициялар мен өсудің баяулауына душар етеді. Мәселен, үкімет жұмыссыздардың барлы- ғын жәрдемақымен жарылқау үшін өнеркәсіп иелеріне көп салық сала алады. Мұндай шаралар сайлаушылардың қолайына жағады. Бірақ бизнесмендердің көзқарасы тұрғысынан сол ақшаның бәрін бұларға берсе, тәуір болар еді. Бұлар жаңа зауыттар салады, жұмыссыздарға да жұмыс табылады ғой. Осы көзқарас тұрғысынан, ең ақылды экономикалық саясат - эко номика мен саясатты бір-бірінен алшақ қойып, салықтар салу мен мемлекеттік реттеуді мейлінше арзандату, нарық күштерінің өздерін көрсетуіне еркіндік беру. Саяси мүдделер ауыртпалығын арқаламаған жеке инвесторлар ақшаларын көбірек пайда түсетін жерлерге салады,