Бәліш пісіруге де шикізат пен энергия қажет. Ерте ме, кеш пе, Homo sapiens жер шарындағы шикізат пен энергияны сарқып бітіреді деген үрейлі болжам баяғыдан бері айтылып келеді. Ал сонда не болады? 288
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ 17-тарау Өнеркәсіптің тегершігі Қазіргі экономика болашаққа сенім артуымыздың әрі капиталис- тердің табыстарын өндіріске салуға ықыласының арқасында өсіп ке- леді. Экономикалық өсім үшін энергия мен шикізат керек. Ал олардың қоры шектеулі. Олар (егер де) таусылса, бүкіл жүйе күйрейді. Қордың тек теория жүзінде ғана шектеулі екенін өткен шақтың тә- жірибесі көрсетті. Бір қарағанда тосындау көрінгенімен, соңғы жүзжыл- дықта энергия мен шикізат тұтыну көрсеткіші көкке шапши өсе тұра, өңдеп, пайдалануға жарамды ресурстар ұлгая түсті. Энергияның не- месе шикізаттың тапшылығынан экономикалық өсуге қатер төнген са- йын ғылыми-технологиялық зерттеулерге қосымша қаржы бөлінеді де, нәтижесінде қолда бар ресурсты тиімдірек пайдалану тәсілдері ғана емес, энергия мен шикізаттың мүлде жаңа түрлері де пайда болады. Көлік саласын алып көрелікші. Соңғы 300 жыл ішінде адамзат күйме мен арбадан бастап пойыздар мен машиналарға, дыбыстан жылдам ұшақтар мен ғарыш кемелеріне дейінгі қозғалыс құралда- рының миллиардтаған түрін шығарды. Соншалықты ауқымды өн- діріс энергетикалық ресурстар мен шикізатты түгел сарқып, түбіне жетеді деп қауіптенуге болар еді. Шын мәнінде, бәрі керісінше. 1700 жылы дүниежүзіндегі көлік индустриясы, негізінен, ағаш пен темір- ді пайдаланса, қазір ол ата-бабаларымыздың өңі түгілі түсіне де кірмеген сансыз соны материалдарды - пластикті, резинаны, алю-