&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


біреуінің өзін құрбан қылуын, адамдарға азық болуын өтіне алады. Сәті



Pdf көрінісі
бет60/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

біреуінің өзін құрбан қылуын, адамдарға азық болуын өтіне алады. Сәті
түскен аңшылықтан соң, жаны қиылған жануардан кешірім сұрайды.
Тайпаныңәлдебір мүшесі ауыра қалса, шаман кесел жіберген аруақтар-
мен тілдесіп, шапағат етуін сүрайды немесе дем салып, оны аластайды.
Осы жын шақыру көріністерінің бәріне тән нәрсе: аруақтарды нақты бір
нәрсеге телиді. Бәріне ортақ әмбебеп құдайлар болмайды, мынау - бұ-
ғының, ал анау тал-теректің, бұлақтың, ауру-кеселдің рухы саналады.
Адамдар мен өзге тіршілік иелерінің арасында тас бітеу қабырға
ғана емес, қатаң иерархия да жоқ. Оның үстіне, адамның игілігі бас­
ка тіршілік иелері үшін мүлде басым емес. Осынау құдірет иелерінің
де мүмкіндіктері шектеулі, олар дүниені өз қалауларына орай басқара
алмайды. Былайша айтқанда, түпсіз ғалам адамның да, басқа тіршілік
иелерініңде қас-қабағына қарап, айтқанына ермейді.
«Анимизм» деген ортақ атауға ғалымдар нақты бір дінді емес,
мыңдаған әрқилы діни ағымдарды, нанымдар мен кул ьттерді біріктіреді.
Бәріне ортақ нәрсе - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы
бірегей ұғым. Ежелгі аңшылар мен терімшілерді «анимистер» деп
атаған кезде, индустриялық дәуірге дейінгі шаруаларды «теистер» деп
атағанда да шамаменқолданғанортақболжамғасүйенеміз. Теизм (грек.
theos - Құдай) адамдар мен құдіретті тіршілік иелерінің шағын тобы -
құдайлар арасына иерархиялық қарым-қатынас түзеді. Әлемдік тәртіп
осы қарым-қатынастарға иек артады. Әдеттегі аграрлық қоғам теистер
болды деген уәж шындыққа бір табан жақын келгенімен, дәлелі аздау
тұжырым. XVIII ғасырда Польшада өмір сүрген еврей раввиндеріне
де, албастылар аулаумен аты шыққан XVIII ғасырдағы Массачусетс
пуритандарына да, ацтек абыздарына да (XV ғасыр, Мексика), сопы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет