&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Құмдауыт Австралия жағалауына аяқ басқан алғашқы адамның



Pdf көрінісі
бет71/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Құмдауыт Австралия жағалауына аяқ басқан алғашқы адамның
табан ізін сол бойда толқын шайып кетті. Құрлық түкпіріне жылжи оты-
рып, келушілер әр шақырым сайын толқынды су да, толассыз ғасыр-
лар да өшіре алмайтын басқа таңба қалдыра берді... Жолшыбай олар-
ға көптеген беймағлұм жануарлар, мысалы, бойы екі метр, салмағы
200 килограмдай кенгуру мен осы жаңа жердегі ірі жыртқыш - тұрқы
қазіргі жолбарыстан қалыспайтын қалталы арыстан ұшырасты. Ағаш-
та қүшаққа қысып, жонынан сипауға келмейтін алпамсадай коалалар
отырды, жазық далада түйеқұстан екі еседей үлкен қанатсыз құстар
үйірі жортып бара жатты. Шалғын шөптің арасынан айдаһарға ұқсай-
тын кесірткелер мен ұзындығы бес метрдей жыландар жылт ете кала-
64


К О ГН И Т И В Т І РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
ды. Орманды алып дипротодон - салмағы екі тоннадай қалталы аю ке-
зіп жүр. Осы жануарлардың барлығы (бауырымен жорғалаушылар мен
қустардан басқасы) қалталы еді: олардың төлдері эмбрион секілді усақ
өрі дәрменсіз болды, сондықтан олар қарын сыртындағы «қалтада»
өсіп-жетілді. Қалталы жануарлар сүтқоректілер тобына жатады, яғни
олар төлдерін сүтпен қоректендіреді. Мұндай тіршілік иелөрі Африка
мен Азияда болған жоқ, ал Австралия да олар өте көп еді.
Мыңжылдықтар өтті де, әлгі кереметтердің барлығы жойылып кет-
ті. Салмақтары жарты тоннадан асатын австралиялық жануарлардың
жиырма төрт түрінен тек біреуі ғана аман қалды2. Үсақтарының да
біразы қырылды. Бүкіл Австралия бойынша бұрынғы азықтық тізбек
үзіліп, жаңасы қалыптасты. Австралияның жүйелі дамып келе жатқан
экожүйесі миллион жылдан соң шапшаң әрі қорқынышты түрде құбыл-
ды. Бұған Homo sapiens кінөлі ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет