БІРІНШІ БӨЛІМ Екіншіден, жаппай қырылу дерегі, шын мәніңде, климат ауысуынан болса, төңіз жануарлары да құрлықгағы тіршілік иелерінен кем зардап шекпес еді. Алайда 45 мың жыл бұрын мұхит фаунасына ешқандай ка тер төнбеді. Австралияның құрлық жануарлары ғана қырылып, жағалау суындағы тіршілік иелерінің аман қалу себебін тек адами фактормен тү- сіндіруге болады. Адам баласы теңізде жүзудің әлдеқандай дағдыларын меңгергенімен, сол кезеңде құрлықта ғана қауқарлы еді. Үшіншіден, Австралиядағыға ұқсас түрлер тарихта бұдан кейін де, адамдар сыртқы әлемнің кезекті бөлігін жаулап алған кезде де, жаппай қырылды. Осыдан кейінірек кезеңдегі адамның кінәсі еш шүбәсіз дәлел- денді. Мысалы, осыдан 45 мың жыл бұрынғы гипотетикалық «климат өзгерісінен» сызатсыз сау шыққан Жаңа Зеландияның мегафаунасы аралға адамдар кепуіне орай, орасан зардап шекті. Маорилер, Ж аңа Зе- ландияны алғаш отарлаушы sapiens-тер, аралдарға шамамен 800 жыл бұрын келді. Екі ғасыр ішінде ірі жануарлардың көп бөлігі, сонымен қатар қустардың 60%-ы жер бетінен жойылып кетті. Солтүстік Мұзды мұхиттың Врангель аралындағы (Сібір жағалауы- нан 200 шақырым) мамонттар да соның аяғын құшты. Мамонттар мил- лиондаған жыл Солтүстік жартышардың кең-байтақ төсін түгел жайла- ды. Осынау аумаққа - әуелі Еуразияға, срдан соң Солтүстік Америкаға Homo sapiens тарапа бастауына байланысты олардың мекендеу ареалы тарыла тусті. Осыдан 10 мың жыл бұрын мамонтты алыстағы Арктика аралдарынан тысқары жерлерден көру мүмкін болмай қалды, негізгі по- пуляциясы тек Врангель аралдарында сақгалды. Онда жүндес пілдер тағы бірнеше мың жыл мамыражай тіршіпік кешті, тек 4000 жыл бурын -