&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ді ерте жастан емшектен шығарды, өйткені оларға ботқа пісіріп берді



Pdf көрінісі
бет94/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ді ерте жастан емшектен шығарды, өйткені оларға ботқа пісіріп берді.
Бала туу қүпталды: егістікке жұмыс қолы жетіспеді. Бірақ жұмыс колы-
мен қатар мол тамақты жұтып жіберетін артық ауыз көбейді, демек,
егістік танаптарын жаңадан жыртуға тура келді. Тұрғындар тығыз ор-
наласқандықтан, жұқпалы аурулар тез тарады, балалар ана сүтімен
емес, негізінен, астық дақылымен қоректенді, оның үстіне, әр балаға
өз порциясы үшін толып жатқан аға-іні, апа-қарындастарымен бәсе-
келесуге тура келді, міне, сондықтан балақайлардың өлім-жітімі күрт
өсіп кетті. Аграрлық қауымның көпшілігінде кем дегенде үш баланың
біреуі 20 жасқа жетпей көз жұмды5. Әйтсе де туудың көрсеткіші өлім-
жітім деңгейін елеулі түрде басып озып, жарық дүниеге бейшара, сор-
маңдай балалар бүрынғыдан көп келіп жатты.
Уақыт өте келе «бидаймен мәміле» жасаудың пайдасыздығы ай-
қын біліне бастады. Балалар өліп жатты, ересектер маңдай тері сор-
ғалап нан тауып жүрді. Б.з.д. 8500 жылдары әрбір орташа иерихондық-
тың тұрмысы, б.з.д. 9500 немесе 13000 жылдармен салыстырғанда,
тым ауырлап кетті. Бірақ не болғанын ешкім түсіне алмай-ақ қойды.
Кейінгі ұрпақ өздерінің әкелерінен айнымай тіпті сәл «тиімділеу» өмір
сүрді. «Жетілдірілген» дүние көп, олардың әрқайсысы тұрмысты же-
ңілдетуге ғана арналды, сайып келгенде, бүлар әр диқанның мойнына
диірмен тасындай зіл артып қойды.
Қалайша адамдар аяқастынан жаңылысып қалды? Сол баяғы се-
беппен, үнемі алдауға түсетіндіктен жаңылысты. Адамдар қабылдаған
шешімінің салдарын алдын ала болжауға қабілетсіз. Қай кезде де олар
жұмысты сәл күрделендіруге, айталық, тек дән сеуіп қана қоймай, оған
қоса топырақты алдын ала кетпенмен аударып шығуға келіскен сыңай
танытады. Өздерін: «Иә, еңбектенуге тура келеді. Есесіне, ертең қандай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет