өнім жинаймыз! Егін шықпай қалды деп уайымдамаймыз, әйтеуір! Бала- ларымыз енді ешқашан ашықпайтын болады. Сөйтіп, жетіліп кетеміз», - деп жұбатады. Көңілге сенім үялатады. Бастапқы жоспар осындай болды. Жоспардың алғашқы бөлімі майдан қыл суырғандай сәтті өтті. Адамдар, шын мәнінде, жақсы жұмыс істеді. Ал содан соң күтпеген факторлар килігіп, бәрін бүлдірді. Адамдар бала саны да өскенде, көп қарынды тойдыру қажеттігін алдын ала болжай алмады. Алғашқы егіншілер балалардың ана сүті орнына ботқа асайтынын, содан имму нитет әлсірей беретінін мүлде білген жоқ. Түрақты қоныстар жұқпалы аурулар ошағына айналды. Адамдар бір ғана азық көзіне тәуелді бола отырып, табиғи апаттар төнген ретте өздерін алапат қатерге душар ететіндерін де болжай алмады. Бүған қоса, лық толы қамбалар ұры- қарылар мен дұшпандарды еліктірді, қамал соғып, қарулануға, бай- лықтарын күзетуге тура келді. Кемшіліктерін көргеннен кейін, адамдар неге бұл жобадан бас тартпады? Себебі бүкіл кемшіліктер түсінікті болып үлгергенше ұрпақ- 82
А ГРА РЛЫ Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ тар буыны ауысып кетті де, кейінгілер бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргенін білмей қалды. Сондай-ақ олар жанталаса көбейе отырып, өт- кен көпірлерін өртей берді: егіншіліктің арқасында қоныс түрғындары жүзден 110 адамға көбейсе, онда тайпаластары бурынғы байыпты әдет-ғұрыпқа оралуы үшін «басы артық» он адамның аштан өлуіне тура келер еді. Тығырықтан шығар жол қалмады: тұзаққа мықтап түсті. Жарқын өмір, жайлы тұрмысқа жанталаса ұмтылу түйыққа қамады: бұл алғашқы тәжірибе еді, бірақ соңғы өмес. Әдөтте жастар оқу орнын бітіргеннен кейін, 35 жасқа келгенше жеткілікті қаржы жиып, жағдайын