&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


куәландырушы мемлекеттік органның мөрі тұрды



Pdf көрінісі
бет194/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

куәландырушы мемлекеттік органның мөрі тұрды.
Тарихта монеталардың көлемі мен пішіні әр алуан болғанымен,
жазбалардың мән-мағынасы біркелкі еді: «Мен, ¥лы патша пәленше,
осынау бір кесек металда бес грамм алтын бар екеніне жеке басым-
мен кепілдік беремін. Кімде-кім монетаны қолдан жасаса, менің қол-
таңбамның жалған нұсқасын жасағанымен парапар әрі патшаның қа-
дір-қасиетіне залал келтірген болады, мундай қылмыс үшін өте қатал
жаза тағайындаймын». Міне, сондықтан жалған ақша жасаушыларды
аяусыз жазалады. Олардың қылмыстары кез келген алаяқтық түрінен
ауыр саналды. Бул - жай алдау емес, мемлекеттік қылмыс, билікке,
оның мәртебесіне және билеушінің абырой-беделіне нуқсан келті-
ру бабына жатқызылады, «улы ағзамның ар-намысына» қолсуғу деп
заңда атап көрсеткен әрекеттердің бәрін азапты өлім жазасына кесті.
Адамдар монетаны билікке және билеушінің адалдығына сенімі жо-
ғалғанша қабылдады. Бір-бірімен бейтаныс жандар Рим динарының
бағасына байланысты дау-дамайсыз келісімге келді, өйткені олар ақ-
шада аты мен портреті бедерленген императордың күші мен қудіреті-
не сенді.
163


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
27. Тарихтағы ең көне монеталардың бірі.
Б.з.д. VII ғасыр ортасында Лидияда жасалған.
Сондай-ақ императордың билігі де динарға арқа сүйеді. Ақшасыз 
Рим империясын көзге елестетіп көрейікші. Император бидаймен, ар- 
памен салықжинап, шенеуніктер мен солдаттарға солармен ақы төле- 
се не болар еді? Сириядан арпа жинап, осынау қорды Рим қазынасына 
тасып әкелу, содан апарып, Британияда жалақы күтіп жатқан легионға 
ақы төлеу әсте мүмкін емес еді. Сол сияқты алтын монеталарға тек 
Рим тұрғындары ғана сеніп, галлдар, гректер, мысырлықтар мен си- 
риялықтар оны місе тұтпай, каури бақалшықтарын, піл сүйегінен жа- 
салған моншақтарды әлде орама маталарды ғана малданса, импе- 
рияны басқару одан да бетер қиын болар еді.
Алтын-інжіл
Рим монеталарына сенімнің күшті болтаны сонша, империядан 
тысқары жерде де адамдар динарды төлемге құлшына қабылдады. 
Б.з. I ғасырына таман нарықтан мыңдаған шақырым қашықтағы Рим 
әскерлерін ешқашан кермесе де, Рим монеталары Үндістан базарла- 
рында мойындалған айырбас құралына айналды. Үнділер оған бедер- 
ленген император сұлбасына әбден көз үйретіп алып, жергілікті би- 
леушілер өз монеталарын соға бастаған кезде Рим императорының 
бейнесін айнытпай салуға дейін барды! «Динария» сөзі монеталардың 
жалпы атауына айналды. Мұсылман халифтері оны араб тілінің әді- 
біне қарай «динар» деп атады, тіпті динар әлі күнге дейін Иордания- 
ның, Ирактың, Сербияның, Македонияның, Тунистіңжәне т.б. елдердің 
мемлекеттік валютасы.
Лидия монеталарының ізбасарлары бүкіл Жерорта теңізі мен Үнді 
мұхиты жағалауындағы елдерге таралып жатқан шақта Қытай өзінің 
ақша жүйесін: қола монеталар мен бедерленбеген күміс жене алтын 
құймаларын ойлап тапты. Осынау екі дербес жүйенің ортақ нәрселері 
көп еді (екеуі де алтын мен күмістің құндылығын мойындады). Сондық-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет