&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Осы ұстанымдар миллиондаған бейтаныстың өндіріс пен сауда ісіне



Pdf көрінісі
бет197/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Осы ұстанымдар миллиондаған бейтаныстың өндіріс пен сауда ісіне
тиімді қатысуына жәрдемдесті. Бірақ бұл қағидалардың төріс жағы да бар.
Бәрі барлығына айырбасталып, ал сенім баянсыз монеталарға немесе ба-
қалшықтарға ғана сүйенген кезде жергілікті дәстүрлерді, етене байланыс-
тар мен адами кұндылықтарды жегідей жеп, бордай тоздырады да, оның
орнына сүраныс пен ұсыныстың аяусыз заңын орнықтырады.
Адамзат қауымдастығы, ең алдымен, отбасы әрқашан абырой,
адалдық, адамгершілік пен сүйіспеншілік сияқты «материалдық емес»
құндылықтарға сену арқылы қүралады. Оларды базардан таба алмай-
сың, ақшаға сату да, сатып алу да мүмкін емес. Нарық қандай баға
үсынса да, кейбір заттарды сата алмайсың. Ата-ана баласын құлдық-
қа сатуға тиіс өмес. Құдайға сенетін христиан ауыр күнә жасаудан
қашу керек, рыцарь еш уақытта билеушісін сатпайды, жерді де ешқа-
шан бөгделерге бермейді.


АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
Ақша әрқашан осынау кедергілерді төңкеріп тастауға тырысты.
Бөгетті жырымшылаған қызыл судай олардың арасынан өтіп кете бер-
ді. Ата-ана ашаршылық пен жоқшылықтан тарыққан балаларын аман
сақтап, асырау үшін біреуін құлдыққа сатты. Құдайына кұлай сенетін
христиан кісі өлтірді, урлық қылып, алаяқтық жасады, ал тапқан ақша-
сын күнәсін жою рәсіміне жұмсады. Даңғой рыцарьлар өз адалдығын
көбірек ақша төлегендерге сатып, сол акшаға өз сарбаздарының адал-
дығын сатып алды. Көсемдер де тайпаның жерін шет-шалғайдан кел-
ген бөгдөлерге сатты, жаһандық экономикаға қосылуға жанталасты.
Ақшаның бұдан басқа да күңгірт жағы бар. Ол, әрине, бейтаныс-
тар арасында сенім қалыптастырады, бірақ адамға, қоғамға, қасиет-
тілік пен құндылықтарға емес, ақшаның өзінө сенім артты. Мына біз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет