Ибериядан жеткен жаңалық тым жайсыз тиді. Нумансия деген шағын
қаланы мекендейтін жабайы кельттер Рим иелігін құлатуға бел буды.
Бұл кезде Рим бүкіл Жерорта теңіз жағалауындағы елдерге үстемдік
құрып, Македония мен Селевкидтер империясын жеңген, Грекияның
қала-мемлекеттерін бағындырып, үлы Карфагенді түтіні бықсыған үйін-
діге айналдырған еді. Ал сонда кельттердің қолында не болды? Азат-
тыққа сенім жене тазтақыр жерлеріне деген шексіз сүйіспеншілік қана.
Сонымен, олар легиондардың бірінен соң бірін талқандап, римдіктерді
масқаралықпен шегінуге межбүр етті.
Б.зл- 134 жылы римдіктердің шыдамы әбден түгесілді. Сенат Испа-
нияға ең үздік әскербасы, Карфагенді жеңген Сципион Эмипиаңды аттан-
дыруға шешім шығарды. Сципионның қрл астында сол кездің өлшемімен
қарақұрым әскер - 30 мың сарбаз болды. Сципион дүшпанын қүрметтеді,
ол нумансиялықтардың жауынгерлік рухы соншама асқақ әрі әскери тәжі-
рибесі мол екенін білді, соңдықтан ұрыста сарбаздарын бекерге қырып ал-
мауды ойлады. Ол қаланы қоршауға алып, төңірегіне өзінің бекінісін салды
да, Нумансияның сыртқы дүниемен байланысын үзіп тастап, тұрғындарды
аштан қатыруға бел байлады. Қала тұрғындары жылдан аса, азық-түлік
қоры әбден таусылғанша берілмеді. Соңғы үміт жібі үзілген шақта тұрғын-
дар қаланы өртөп, римдіктердің айтуынша, құлдыққа түспеуді ойпап, ну-
мансиялықтардың түгелге жуығы өз-өздерін өлтірді.
Нумансия испандық ерлік пен еркіндіксүйгіштіктің рәмізіне айналды.
«Дон Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес «Нумансияны қоршауга
алу» (The Siege of Numantia) атты трагедия жазды, пьеса қаланың күй-
реуімен және келешектегі Испанияның ұлылығын болжаумен аяқтала-
ды. Ақындар ержүрек қамал қорғаушыларды жырға қосып, суретшілер
Достарыңызбен бөлісу: |