сол соғыстың көрінісін кенеп бетінде тірілтті. 1882 жылы Нумансия қала жұртын ұлттық мәдениет ескерткіші ретінде жариялап, оған испан пат- риоттары ағыла бастады. 1950-1960 жылдары елде Супермен немесе Өрмекші-адам туралы емес, ежелгі Иберияның аты аңызға айналған батыры, Рим басқыншыларына қарсы күрескен Ел Хабато (El Jabato) туралы таңғажайып әңгімелер кеңінен танымал болды. Әлі күнге дейін 168
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ Испанияда ежелгі нумансиялықтарды жаужүрек патриотизмнің үлгісі, жас ұрпақтың еліктеуіне өнеге ретінде дәріптейді. Ал патриоттар нумансиялықтардың даңқын испанша- роман ті- лінде жырлап, сципиондық латын ұрпақтарына үлгі қылды. Бүгінде ну- мансиялықтар сөйлеген тіл - кельт тілі де жоғалған. Сервантес Нуман- сияның қоршауға алынғаны жайлы шығарманы латын қарпімен жазды, пьесаны грек-римдік өнер үлгісінде қойды. Нумансияда театр болмаған. Өз бабаларының ерлігіне тамсанатын испандық патриоттар басшысы Римде орналасқан римдік-католиктік шіркеуге сыйынып, құдайларына латын тілінде құлшылық етеді. Қазіргі заманғы испан құқығы да Римнің заң ережелерінө сүйенеді, испан саясатының негіздерін Рим қалаған, испанның ас мәзірі мен архитектурасы да кельттік айшықтардан гөрі, римдік ерекшеліктерді көбірек бойына жиған. Нумансиядан тек үйінді ғана қалды. Тіпті Нумансия туралы аңыз рим тарихшыларының арқа- сында сақталды: бұл әпсананың өзі еркіндіксүйгіш варварлар туралы хикаяға құмар рим оқырмандарының талғамына орай түзілді. Римнің Нумансияны толық жеңгені сонша - тіпті жеңімпаздар жеңілгендер ту ралы естелікті де иемденіп алды. Бізге енді басқаша тарих - әлсіздердің қалай жеңгені туралы хи-