адамға - көршіге әлде бөгдеге емес, көз арбап, көңіл көншіткен ақ- шаға сенеміз. Туған-туысқан мен көрші-көлемінің, дін мен мемлекеттің арасындағы бөгетті ақша шайып кететіндіктөн, бүкіл әлем ауқымды да аяусыз базарға айналады. Сондықтан да адамзаттың экономикалық тарихы - өте шетін нәр- се. Ақшаның көмегімен адамдар алыстағы әрі танымайтын серіктесі- мен ынтымақтастық орнатады, бірақ сол ақша негізгі құндылықтар мен риясыз қарым-қатынасты бүзуынан қорқады. Яғни адамдар бір колы- мен ақша қозғалысы мен бүкіләлемдік сауданы әлі де тежеп түрған бөгетті жояды, ал екінші қолымен елді, дінді немесе экологияны на- рықтың жойқын күшінен қорғайтын бөгесіндер тұрғызады. Бүгіндері нарықтыңтүбегейлі жеңгеніне сену салтқа енген; король- дер, діни қызмөткерлер немесе қоғам түрғызған бөгеттер ақшаның те- геурініне төтеп бере алмайды. Бірақ бүл сенімнің өзі алаңғасарлық: қатал басқыншылар, діни фанаттар мен жауапты азаматтар қайта- қайта есепқор саудагерлердің мысын басып, экономикалық үдерістер- ге ықпал етудің жолын табуда. Сондықтан адамзаттың бірігу үдерісіне тек экономикалық көзқарас түрғысынан қарауға болмайды. Мыңдаған бытыраңқы қоғамның біртіндеп қазіргі бүкіләлемдік жатаққа айналуын түсіну үшін алтын мен күмістің рөлін ескеру қажет. Әйтсе де мөн-маңы- зы бұлардан кем емес болаттың рөлі туралы ұмытуға болмайды. 167
ҮШІНШІ БӨЛІМ 11 -та pay Империялық арман Ежелгі римдіктер жеңілістен қорыққан емес: өзге де ұлы империя- лар сияқты Рим кейде ұрыс сайын ұтылып жатты, бірақ бәрібір соғыста жеңіп шықты. Соққыға төтеп бере алмаса, ол империя емес. Соққының бәріне үйренген римдіктергө б.з.д. II ғасырдың ортасында Солтүстік