&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


қалады, бірақ өсек айту олардың қолынан келмейді. Бәлкім, неандер-



Pdf көрінісі
бет26/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

қалады, бірақ өсек айту олардың қолынан келмейді. Бәлкім, неандер-
тальдықтар мен Homo sapiens-терге де сумаңдап, біреудің сыртынан
тіл безеу оңайға түспеген шығар. Адамның өсекке бейімділігі әдетте
талқыға түсіп, күстаналана түра, үлкен ұжымдарда ынтымақтастық
ахуалын орнатуда аса маңызды рөл атқарады. Осыдан 70 мың жыл
бұрын sapiens-тер меңгерген соны лингвистикалық дағдылар бірнеше
сағат бойы өсек айтуға мүмкіндік берді. Кімге сенуге, ал кімге сену-
ге болмайтынына қатысты шынайы ақпараттар шағын топтардың ірі
қауымдарға бірігуіне септесті де, sapiens-төр арасында ынтымақтас-
тьщтың күрделі де етене түрлері қалыптасты1.
Өсек теориясы әзіл іспетті көрінуі мүмкін, алайда қисапсыз зерт-
теулер оны қуаттап отыр. Тіпті қазіргі кездегі тілдесулеріміздің -
электронды почта арқылы жіберетін хаттардың, телефонмен шүйір-
келесудің, газет мақалаларының негізгі бөлігін өсек-аяң құрайды екен.
Өсектің біз үшін табиғилығы сонша, тіліміз тек соған ғана арналғандай
көрінеді. Әлде сіз тарих пәнінің оқытушылары түскі ас ішу кезінде Бі-
рінші дүниежүзілік соғыстың себептерін талқылап, ядрошы-физиктер
ғылыми конференцияның үзілісінде кварк жөнінде сөз таластырады
деп ойлайсыз ба? Иә, кейде ол да болады. Дегенмен олар күйеуі көзі-
не шөп салғанын әшкерелегөн профессор әйел туралы, кафедра бас-
шысы мен декан арасындағы дау-дамай жайында, әріптестерінің ғы-
лыми грантты «Лексус» сатып алуға қалай жұмсағаны жөнінде өсекті
бүрқыратады. Әдетте өсек-аяң кемшіліктер мен теріс қылықтарды ілік
қылады. Өсекшілер «төртінші биліктің» - қоғамды сақтандырып, сол
арқылы алаяқтар мен тоғышарлардан қорғап қалатын журналистердің
арғы аталары саналады.
Зады, екі теория: «Ана жақта - арыстан - өзен бойында» да, өсек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет