ілімі де дұрыс сияқты. Тіліміздің ғажаптығы, адамдар мен арыстандар туралы ақпаратты бере білуінде емес, ешқашан көрмеген, естімеген және иіскемеген заттар жөнінде де хабар тарата алу қабілетінде жа- тыр. Білуімізше, тек sapiens-тер ғана болжалды тіпті деректерге қайшы келетін нәрселерді талқылай біледі. Аңыз-әпсаналар, мифтер, діндер когнитивті революцияның нәтижесінде пайда болды. Жануарлардың көпшілігі, соның ішінде адамдардың әр алуан түрлері бұрын да: «Сақ бол! Арыстан!» деп өскерте білді. Когнитивті революцияның арқасында Homo sapiens «Арыстан - біздің тайпаның рухы, қорғаушысы!» деген сыңайдағы сөз айтуды үйренді. Қиялдағыны талдау - sapiens-тер тілінің ең ғаламат қасиеті. 30
КО ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ Ц ИЯ Мына тірлікте жоқ нәрсе туралы әңгіме айтып, таңғы ас алдында алты ақылға сыймайтын сөзге сене салу, Homo sapiens-тің ғана қолы- нан келетін іс екенінің өзі даусыз дерек. О дүниеге, жұмаққа және бір- неше есе жақсылық боп қайтарын айтып, емексітіп, мешінді жеп отыр- ған бананын бөлісуге көндіре алмайсыз. Ойдан шығарылған, қиялда қалықтаған нәрселерге сену неліктен маңызды көрінеді? Ол ашық күн- де адастырып, шын болмыстан алшақтатып жібереді ғой. Тіршілікте жоқ аруақ-жебеушілерге сыйыну - уақытты текке зая ету емес пе, одан да алтыннан ардақты сағаттарды нәпақа табуға, дұшпандармен ай- қасуға немесе нақсүйөрмен ойнап-күлуге жұмсаған жөн шығар? Басы бостекі қиялға толған адам шын дүниөдегі тірлікке жарамсыз болып қалмай ма? Өйтсө де қиялдың тілі адамның ойдан шығарған әңгімеге жай ғана елігіп қоймай, ұжымдасқан түрдө қиял тілін дамытуға жол ашты. Бар-