шага ортақ мифологияны: жаратылыстың інжілдік тарихын, Австралия аборигендерінің бағзы замана туралы өпсаналарын, қазіргі мемлекет- төрдің үлтшылдық мифтерін қүрастыруды үйрендік. Ортақ мифология sapiens-тің үлкен ұжымдарда епсекті ынтымақтастық жасау қабілетін өселей арттырды. Құмырсқа мен аралар да үлкен топ құрайды. Бірақ олар міндетін қатаң әрі өз «отбасында» бұлжымас ереже бойынша ат- қарады. Қасқырлар мен шимпанзелердің ынтымақтастығы әлдеқайда икемді, қағидаларға сүйенеді, алайда етене таныс үйірлестерінің азда- ған бөлігімен ғана топтасады. Sapiens-төр болса, кез келген бейтаныс- пен сөріктөсе кетуге қабілетті. Міне, неліктен sapiens-тердің бүкіл әлемді басқаратынын, құмырсқалардың біздің қалдығымызды теріп жеп, шим- панзелердің хайуанаттар бағының торы мен ғылыми зертханаларға қа- малып, мөлиіп отыратынын осыдан аңғаруға болады. «Peugeot» аңызы Біздің жұрағатымыз - шимпанзелер әдетте бірнеше мүшеден құ- ралған шағын үйірімен өмір сүреді. Оларда берік сыйластық ахуал қа- лыптасып, бірге аң аулайды, бабуиндерге, гепардтар мен бөтен шим- панзелергө жұп жазбай қарсы шайқасады. Үйірде күрделі иерархия бар. Басшысын, негізінен, ол еркек болады, «альфа-аталық» деп атай- мыз. Қалғандары оған құрмет көрсетіп, мыңқылдап, құдды билеуші ал- дындағы төумендердей бүгіле бас иеді. Альфа-аталық өз патшалы- ғына әлөуметтік жарасым орнатады: екі бағынышты төбелесе қалса, араша түсіп, тәртіпсіздікті доғарады. Қоғамға пайдалы осынау қызметі үшін альфа өзін-өзі тамақтың «күлшелі» бөлігімен марапаттап, қалауы құлаған ұрғашыларға бәсекелестерін жолатпайды. Екі аталық басымдыққа жету үшін ерөгісе қалса, әрқайсысы үйір- дегі еркек, ұрғашы жыныстылардан сыбайластар одағын қүрайды.