&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


қарапайым нәрсе көрінетін қамыр мен шараптан жасалған желімдей жа-



Pdf көрінісі
бет36/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

қарапайым нәрсе көрінетін қамыр мен шараптан жасалған желімдей жа-
бысқақ шайыр Исаның тәні мен қанына айналады. Діни қызметкер «Нос
es? corpus теит!» («бұл менің тәнім!») деп жар салады да, сиқырымен
көз байлап, көңіл арбағандай шайырды денеге айналдырады. Миллион-
даған француз католиктері құдды дем салған шарап пен қамыр ішінде,
шынында да, Құдай отырғандай сезінеді.
«Peugeot SA» үшін француз парламенті қабылдаған заң шешуші
рөл атқарды. Француз құқығы түрғысынан алғанда, лицензиясы бар
заңгер іс-әрекеттердің рәсімдік жүйесін ойдағыдай орындап, арнайы
қатталған қағаз парақшаларына дұрыстау дұға мен дуаны жазып, өзі-
нің қолын ширата қойса - сиқырымен көз байлап, көңіл арбағандай -
жаңа компания пайда бола кетеді. 1896 жылы Арман Пежо компания
құруға ниет қылған кезде, осы «сиқырлы» процедуралар үшін заңгерге
ақы төледі. Заңгер міндетті ресімдердің бәрін жүзеге асырып, тиісті
дұғалардың бәрін жазып, дем салғандықтан, миллиондаған француз
азаматтары Пежоның екіге жарылуына - бүрынғы Арман адамға және
су жаңа «Peugeot SA» компаниясына айналуына сеніп қалды, өзге ком-
панияларды әспеттегендері сияқты оны да қүрмет түтты.
Өміршең сюжетті ойлап табу әсте оңай емес. Тарихи оқиғаны әң-
гімелеу қиын емес, оған өзгелерді сендіре білу де керек. Әлі күнге
осы сүрақ өзекті: миллиондаған жанды қүдайлар, үлттар, жауапкер-
шілігі шектеулі компаниялар туралы әңгімелерге қалай елітіп әкетуге
болады? Дәл осы қолынан келсе, sapiens абырой-беделге ие болар
еді. Себебі ол енді ортақ мақсатқа жету үшін миллиондаған бейтаныс
адамды әріптес қылып, бірге жұмыс істете алады. Елестетіп көріңіз:
өзендер, ағаштар немесе арыстандар сияқты өмірде нақты бар зат-
тарды сипаттаған оңай ма; мемлекет, шіркеу, құқықтықжүйелер сынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет