әлгі термин латынның corpus - «дене» деген сөзінен шығады, бірақ корпорацияда сол физикалық дененің аты түрмақ заты да жоқ. Сөйте тұра, америкалық сот жүйесінің корпорацияларға құқық субъектісі ре- тінде қарауына еш бөгесін жоқ: бұл тұрғыда олар нағыз ет пен сүйек- тен жаралған адамдарға теңестірілген. 1896 жылы ата-анасынан пружина, ара мен велосипед шығаратын металлургия зауытын мұралап алған Арман Пежо (Armand Peugeot) автомобильдер жасап шығаруға бел буып, жауапкершілігі шектеулі компания құрған кезде француздардың сот жүйесі де тап солай юте- 3 5
БІРІНШІ БӨЛІМ ген еді. Ол компанияны өз атымен атады, сөйте тұра, компания Ар- маннан тәуелсіз болды. Машинасы сынып қалғанына ренжіген сатып алушы Арманмен емес, «Peugeot» компаниясымен ғана соттаса алды. Компания миллиондаған несие алып, банкротқа ұшыраса, Арман Пе- жоның өзі кредиторға бір франк та берешек болмас еді. Себебі несие- ні алған Homo sapiensАрман Пежо емес, «Peugeot» компаниясы гой. Peugeot-адам 1915 жылы өліп қалды, ал Peugeot компаниясы әлі күнге дейін аман-сау келеді. Арман Пежо атты адам заңды тұрғыдан ресімделген «Peugeot» компаниясын қалай құрды? Шынын айтқанда, ол ғасырлар бойы діни қызметкерлер мен абыздардың қүдайлар мен жындарды жасаған тәсі- лін пайдаланды; тіпті қазір де мыңдаған француз кюрилері жексенбі са- йын шоқынушыларға «Исаның денесі» уағызынан көрініс қояды: мұндай ғажайыптар өзегінде өтірікжатады, оған адамдар сенгендей кейіп таны- тады. Католик діни қызметкері уәжіп болған киім үлгісіне оранып алып, белгілі бір сәтте таптаурын сөздерді асқақтай айтады, бір қарағанда,