Жабайы тайпалар әлеуметтік құрылысын елестер мен аруақтар-
ға сену арқылы нығайтқаны баршаға мәлім; олар ай толған кезде от
алауының төңірегіне жаппай салттық би билеуге жиналды. Біз, қа-
зіргі заманғы ұйымдар да, тап солай жасайтынын аңғара бермейміз.
Корпоративті алып көрелікші. Қазіргі заман бизнесмендері мен заң-
герлері де - қудіретті шамандар. Олар мен ежелгі шамандар ара-
сындағы аз ғана айырмашылық бар: заңгерлер бүгін әлдеқайда түсі-
ніксіз нәрселерді айтады. Бұган «Peugeot» туралы аңыз тәуір мысал
бола алады.
3 -728
33
БІРІНШІ БӨЛІМ
Әлемнің барлық түкпірінде - Парижден Сиднейге дейін кездесе-
тін автомобильдерге, жүк машиналары мен мотоциклдерге Штадель
арыстанын аздап еске салатын аң сұлбасы сән беріп турады. Бұл
төлтаңба Еуропадағы байырғы әрі ауқымды автоөндіруші «Peugeot»
өнімдерін әшекейлейді. Компания Штадель үңгірінен 300 шақырым қа-
шықтықта орналасқан Валентиния мекеніндегі құбатөбел отбасылық
бизнестен бастау алды. Қазір мүнда әлемнің шартарабына шашыра-
ған, көпшілігі бірін-бірі танымайтын 200 мыңға тарта қызметкер бар.
Осы бейтаныс жандар тату әрі тиімді жұмыс істеді. 2008 жылы компа
ния 1,5 миллион автомобиль шығарды, 55 миллиард еуро лайда тапты.
«Peugeot SA» (ресми түрде осылай аталады) компаниясының тір-
лігі туралы қай мағынада айтып отырмыз? Жан-жағымызға көз салсақ,
«Peugeot» автомобильдері толып жүр, алайда компанияның өзі көрін-
бейді. Тіпті «Peugeot» автомобильдерінің бәрін бір мезгілде металл
қалдықтарын жинайтын жерге жіберсе де, «Peugeot SA» жоғалып кет-
песі анық. Ол жаңа машиналар шығаруын жалғастырып, жыл сайынғы
есептерін жариялай берер еді. Компанияның зауыттары, станоктары,
Достарыңызбен бөлісу: |