«Peugeot» заңды қиялдың «жауапкершілігі шектеулі компания» деп аталатын айрықша бір түріне жатады. Бұл да адамның құрық бойламас қулығының бірі. Сан мыңдаған жылдар бойы Homo sapiens мұндайды көріп-білген емес. Бізге белгілі тарихтың ұзын-ырғасында нақты ет пен сүйектен жаралған адамдар ғана аяғынан нық тұрып, тиісті көлемде миы барлар ғана меншік иелене алды. Францияда XIII ғасырда Жан де ген біреу күймелі арба жасайтын шеберхана ашса, ол және оның бизне- сі іс жүзінде біртұтас көрінеді. Жасап шығарған арбасы сатқаннан кейін бір аптада қирап қалса, есесі кеткен сатып алушы Жанды сотқа берді. Жан шаруасын бастау үшін әлдекімнен мың алтын алып, көп ұзамай банкротқа үшыраса, бүкіл дүние-мүлкін сатып, қарызын өзі өтеуге мәж- бүр болады. Иә, сиырын, жерін тіпті бауырынан өрбіген балаларын сат- са да, қарыз ақшаны қайтарады. Ол шеберханасы арқылы қабылдаған кез кел ген міндеттеме үшін толық та шектеусіз жауапкершілік арқалады. Сол кездегі адам бизнес бастамас бұрын «жеті рет өлшеп, бір рет кескендей» ұзақ ойланды. Мұндай заңды жүйе кәсіпкерлікті дамытуға бөгесін болды. Адамдар өз ісін бастауға, басын қаржылық қатерге тігу- ге бата алмады, өйткені шаруасы шатқаяқтаған ретте отбасын жұтату, бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрды. Міне, уақыт өте келе адамдар осынау ұжымдық қиялдың жемісі - жауапкершілігі шектеулі компанияларды құрды. Заң бойынша мұндай компаниялар өзінің негізін қалаған адамдардан, оған ақшасын салған немесе басқарған адамдар бөлектенді. Соңғы жүзжылдықтарда он- дай компаниялар экономикадағы лидерге айналды. Үйренісіп кеткені- міз сонша, олардың қиялымызда ғана өмір сүретінін ұмыта бастадық. АҚШ-та осы текті компаниялар «корпорация» деп аталады, бір қызығы,