Осылайша, мәдени эволюция генетикалық эволюцияның жолында- ғы кептелісті айналып өтетін басып озу жолағына түсті. Бұл жолақта Homo sapiens ынтымақтастыққа қабілеттілігі жөнінен өзге жануарлар- ды да, адамдардың басқа түрлерін де басып озып, алға шықты. Бәрі бірдей ДНҚ-ға байланысты емес: жануарлардың мінез-құл- қына қоршаған орта мен жеке талғамның да әсері мол. Сейте түра, қалыпты жағдайларда бір түрге жататын жануарлар өздерін мейлінше жайбарақат ұстайды. Мінез-құлықтағы елеулі өзгерістер әдетте гене- тикалық мутацияға байланысты белең алады. Шимпанзенің үрғашы- лары бонободан өнеге алып, феминистік революцияны жалаулатпай- ды. Бонобоның еркектері альфа-ұрғашыны тақтан тайдырып, бүдан былай топтағы барлық мүшелердің тең екенін жариялау үшін консти- туциялық жиынды шақырмайды. Мұндай түбегейлі өзгерістер жасау үшін, әуелі гендік мутация қажет болар еді. Дел осы себеппен ежелгі адамдар да төңкерістер жасаған жоқ. Біздің пайымдауымызша, әлеуметтік қалыптың өзгеруі, технология- ларды ойлап табу, тың жерлерді игеру әрқашан мәдени бастаманың емес, гендік мутацияның салдары болып шығады. Алғашқы қадам ж а сау үшін адамдарға жүздеген жылдар қажет болды. Екі миллион жыл бүрын гендік мутация адамның жаңа түрінің, Homo erectus-тің лайда болуына алып келді. Тігінен жүретін адам баласы тастан қашалатын еңбек құралдарының жаңа мейлінше тиімді технологиясын жасады, ол әлгі түрдің басты жетістігі саналады. Бірақ Homo erectus генінде кезек- ті өзгеріс болмаса, тас құралдар екі миллион жылдар бойы өзгеріссіз қала берер еді! Керісінше, когнитивті революциядан кейін sapiens-тер өз мінез-құ- лықтарын шапшаң өзгертіп, жаңа дағдыларды келесі ұрпақ буынына