жауап таба алмағанын мойындаған кезде мүлдежаңа білім арналарын
іздестіруге тура келеді. Соның нәтижесінде зерттеудің жаңа заманда-
ғы әдістері бұрынғы білімдердің олқы тұсынан өрбіп шығады. Әрине,
алыс галактикалардың шағылысуын спектралды талдаумен шұғыл-
данатын физиктер, қола ғасырының қонысынан табылған олжаларды
зерттеуші археологтар, капитализмнің түп-төркініне үңілуші тарихшы-
лар дәстүрлерге қырын қарамайды. Олар баяғы заманның данагөй-
лері айтқан, әлде жазған пікірлерді оқып-зерттейді. Ал университеттің
бірінші курсында физиктерді, археологтар мен әлеуметтік ғылымдар
жөніндегі мамандарды Эйнштейннен де, Шлиман мен Веберден де оза
шабуға, аса шырқау биіктерге жетуге баулиды.
* * *
Бақылау өз бетінше білім бола алмайды. Он сегіз мың ғаламның
қүпия қалтарыстарын түсіну үшін бақылауларды жүйелі теорияға үш-
тастыру керек. Ежелгі адамдар теорияларды мифология-сюжеттер пі-
шімінде тұжырымдады. Ал жаңа замандағы ғылым математика тілін
пайдаланады.
«Библиядан», «Құраннан», «Ведадан», Конфуций еңбектерінен
теңдеулерді, кестелер мен формулаларды таба алмаймыз. Мифоло
гия мен қасиетті кітаптар әлемнің ортақ заңдарын баяндаған кезде ма-
тематикаға емес, хикаяларға жүгінеді. Мәселен, манихейліктің негізгі
идеясы - әлем ізгілік пен жауыздықтың арасындағы ұрыс алаңы ғана.
Зүлым күштер материяны жаратты, ал қайырымдылары рухты жаса-
ды. Адамдар осы шайқасқа қатысқан және жауыздыққа қарсы шыққан
ізгі күштерді қолдауға тиіс. Мани пайғамбар тараптардың күштерін
салыстыра отырып, адамның таңдауын алдын ала болжауға мүмкін-
дік беретін, математикалық формуласыз амалын тапты. Ол: «адамға
эсер ететін күш оның дене салмағын белу арқылы інген рухының жыл-
Достарыңызбен бөлісу: |