үшін сатып алуымызға тура келеді. Шопинг - ең сүйікті ермекке, уақыт өткізу әдібіне айналып, тұтыным тауарлары отбасы мүшелерінің, ерлі- зайыптылар мен дос-жарандардың арасындағы қарым-қатынаста ең негізгі дәнекер болды; діни мерекелер, жаңа жыл мейрамы да жаппай зат сатып алудың салтанатты рәсімі ретінде қалыптасып үлгерді. Тіпті Құрама Штаттарда азаттық үшін айқасып өлгендер рухын ұлықтауға арналған Еске алу күнін де түрлі акциялар мен жаппай сатылымдар ұйымдастыруға желеу қылды. Адамдардың көбі бұл мерекені жағалай дүкен аралаумен өткізеді, иә, азаттықты қорғаушылар бекер өлімге бас тікпеген ғой. Тұтынушы этиканың гүлденуі, әсіресе азық-түлік нарығында айқын аңғарылады. Дәстүрлі аграрлық қоғам ашқұрсақ өмір сүрді. Қазіргі дәуір- де молшылық денсаулыққа төтенше қатер төндіріп, семіздікке душар етуде. Бұдан (асқазанды гамбургермен және пиццамен толтыратын) ке- дейлер де, (арықтауға тырысып, органикалық салаттармен және жеміс сықпаларымен қоректенетін) байлар да зардап шегуде. АҚШ тұрғында- 300
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ ры жыл сайын диетаға әлемдегі аштардың бәрін тамақтандыруға бола- тын мөлшерден әлдеқайда артық ақша жұмсайды. Семіру - түтынушы- лықтың екі жеп, биге шығуы: адам тамақ жеуді тоқтатпайды - тоқтата қалса, экономикалық зауалға ұрындырар еді. Әуелі мөлшерден артық ауқаттанады да, содан соң диеталық тағамдарды сатып ала бастайды, осылайша экономикалық өсімге екі марте үлес қосады. Кәсіпкерді тапқан пайдасын текке шашпай, өндірісті кеңейту қамына жұмсауға үйрететін кап и тал и ст этикамен тұтынушылық этикасы қалай үйлесім табады? Өте оңай. Бұрынғы дәуірлердегі сияқты қазіргі кезде