&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы ЛЫ М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ



Pdf көрінісі
бет373/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

298


Ғ Ы ЛЫ М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
лығы қазіргі барлық әлеуметтік құрылыстың алтын арқауына айналды. 
Ауыл шаруашылығын индустрияландырғанға дейін егін мен төлдің бі- 
раз бөлігі шаруалар мен мал түліктерінің өздерін тамақтандыруға «шы- 
ғындалатын». Тек аз ғана бөлігі қолөнершілердің, мұғалімдердің, діни 
қызметкерлер мен шенеуніктердің аузына тиетін еді. Соған сәйкес бар- 
лык қоғамда шаруалар турғын халықтың 90%-дан аса бөлігін қурады. 
Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік жолға түскен шақта, саны әжептәуір 
аз шаруалар тобы да жумысшылар мен «ақжағалылардың» қаулай өсіп 
келе жатқан армиясын асырауға қабілетті болып шықты. Қазіргі кезде 
Қурама Штаттарда турғын халықтың тек 2%-ы ғана - фермерлер, әйтсе 
де осы 2% тек АҚШ-тың бүкіл халқын асырап қана қоймай, артылғанын 
басқа елдерге экспорттайды9. Ауыл шаруашылығын индустрияландыр- 
майынша, қаланың индустриялық революция орнамай, фабрикалар 
мен кеңселерді жасақтауға қол мен ми жетпей қалар еді.
Ал далалық жумыстардан босаған жүз миллиондаған қол мен 
миды «жутып» алған фабрикалар мен кеңселер бұрын-соңды естіп 
көрмеген көлемде өнім шығара бастады. Адамдар бурынғы бір кездер- 
ге қарағанда әлдеқайда мол металл өндіріп, әлдеқайда көп киім-кешек 
тігеді, мейлінше үлкен ғимараттар салады. Оның үстіне, бұрындары 
көрмек түгілі ешкім естіп-білмеген небір ғажайып заттарды: электр 
шамдарын, ұялы телефондарды, фотоаппараттар мен кіржуғыш ма- 
шиналарды жасайды. Жаңа өнімдер тасқыны мыңдаған жылдар бойы 
жиналған арманды әп-сәтте жүзеге асырды. Адамзат тарихында түң- 
ғыш рет ұсыным сұранымнан асып түсті. Енді жаңа мәселе пайда бол- 
ды: «Мұның бәрін кім сатып алады?».
Шопинг ғасыры
Қазіргі заманғы капиталист экономика өнімділікті удайы өсіріп 
отыруға мәжбүр, онсыз өмір сүре алмайды. Тоқтап қалса тұншығатын 
акула сияқты адамзат қауымы да үнемі көбірек тауарлар шығара бе- 
руге тиіс, әйтпесе күйреу басталады. Бірақ бул аз: шығарған өнімді 
әлдебіреу сатып алуы керек, өйтпеген жағдайда өнеркәсіпшілер мен 
инвесторлар тақырға отырып қалады ғой. Кесапаттың алдын алып, 
өнеркәсіп туындатқан тың нәрселерді адамдардың әрқашан сатып 
алатынына кепілдік беру үшін жаңа бір этиканы - тұтынушылықты жа- 
сақтап, қолданысқа енгізуге тура келді.
Кез келген тарихи дәуірде адамдардың көбі кедейшілікте өмір сү- 
реді, үнемшілдік спартандықтардың қатаң этикасы - көп мысалдың 
ішіндегі ең белгілісі. Жақсы адам астамшылықтан аулақжүрді. ІІІалба- 
рын өзі жамады, жаңасын сатып алуға жүгіре жөнелмеді. Тек король- 
дер мен ақсүйектер бул қағидаттарға мұрын шүйіре қарап, байлықта- 
рын журт көзінше желге шашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет