Ауырсыну сезімталдығын тексеру
|
тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гипералгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.
|
2.
|
Жанасу сезімталдығын тексеру
|
тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.
|
3.
|
Температура
лық сезімталдығын тексеру
|
тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады.
|
4.
|
Бұлшықет-буындық сезімталдығын тексеру
|
Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.
|
5.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |