Аспирин-Ол қабынуға қарсы, анальгетикалық және антипиретикалық әсерге ие, сонымен қатар тромбоциттердің агрегациясын тежейді.
Пентоксифиллин-Пентоксифиллин қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады. Пентоксифиллиннің әсер ету механизмі фосфодиэстеразаның тежелуімен және тамырлардың тегіс бұлшықеттері мен қанның пішінді элементтерінің жасушаларында ЦАМФ жиналуымен байланысты. Пентоксифиллин тромбоциттер мен эритроциттердің агрегациясын тежейді, олардың серпімділігін арттырады, плазмадағы фибриноген деңгейін төмендетеді және фибринолизді күшейтеді, бұл қанның тұтқырлығын төмендетеді және оның реологиялық қасиеттерін жақсартады.
Магнезия- ол гипотензивті, седативті және антиконвульсанттық әсерге ие, сонымен қатар диуретикалық, артериодилатациялық, аритмияға қарсы, вазодилатациялық (артерияларда) әсерге ие, жоғары дозаларда - курар тәрізді (жүйке-бұлшықет берілуіне депрессиялық әсер етеді), токолитикалық, ұйықтататын және есірткіге қарсы әсер етеді, тыныс алу орталығын басады.
Эпистатус кезіндегі шұғыл көмек
1.
Эпистатусқа анықтама берді
Эпистатус- қысқа уақыт аралығында бірінен соң бірі қайталанып келетін эпилепсиялық ұстамалар. Эпистатустың генерализденген, абсанстық, фокальді түрлері болады. Бұның өмірге қауіптісі генеролизденген-Ұзақтығы 5 минуттан 30 минутқа дейін созылатын, бірінен соң бірі кезектесіп келетін немесе ұзақ бір клоника- тоникалық ұстама
2.
Эпистатустың диагностикасының жетекші критерийлерін ажырата білді.
Аура,5минуттан 30 минутқа созылатын тоникалық-клоникалық фаза.Тыныс алу тоқтайды, үдемелі цианоз, ұстама соңында сфинктрлер босап сопор қалпында болады. ЭЭГ-да ұзақ пикті биопотенциялар көрінеді.Барлық бұлшықеттердің шамадан тыс ширығуы мен толассыз қайталанатын тоникалық құрысулар, үдемелі цианоз, науқасты дірілдетіп шайқалақтататын клоникалық құрысулар, еріксіз агония туралы ойлану, көз қарашықтарының кеңейюі, бет-пішінінің сүйірленуі, тамырының өте әлсіз соғуы, жағымсыз иіс байқалады.