Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Мықын – соқыр ішектік жоғарғы ұңғыл



бет39/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Мықын – соқыр ішектік жоғарғы ұңғыл, recessus ileocaecalis superior, мықын ішектің соңғы бөлігінің жоғарғы жағы мен жоғарылаған жиек ішектің аралығындағы, мықын – соқыр ішек қатпарының жоғарғы бөлігінің, plica ileocaecalis, астында орналасады.
Мықын – соқыр ішектік төменгі ұңғыл, recessus ileocaecalis inferior, мықын ішектің соңғы бөлігінің төменгі жағы мен соқыр ішектің аралығындағы, мықын – соқыр ішек қатпарының, plica ileocaecalis, төменгі бөлігінің астында жатады.
Соқыр ішек оң мықын шұңқырында орналасады, бұл жерді соқыр ішектік шұңқыр деп атайды. Соқыр ішектің латералды беті мен мықын бұлшықетін жауып жатқан париеталды ішастарды соқыр ішектік қатпарлар, plicae caecales, байланыстырып тұрады. Осы жерде орналасқан соқыр ішек артындағы ұңғыл, recessus retrocaecalis, жоғарылаған жиек ішектің артына дейін созылып жатуы мүмкін.
Сигмааралық ұңғыл, recessus intersigmoideus, cигматәрізді жиек ішек шажырқайы түбірінің сол жақ бетінде орналасады. Осы шұңқыр аймағында, париеталды ішастар жауып жатқан сол несепағар өтеді.
Ішастар қуысының төменгі қабаты, жамбас қуысында орналасады. Париеталды ішастар іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, кіші жамбас қуысына өтеді де, тік ішектің жоғарғы бөлігін барлық жағынан (интраперитонеалды) жабады. Париеталды ішастардың тік ішекке өтетін жері, оның шажырқайын құрайды. Тік ішектің ортаңғы бөлігі – ампуласы, екі бүйір және алдыңғы жағынан, мезоперитонеалды, жабылған. Ал,төменгі бөлігі экстраперитонеалды орналасады. Еркектерде, ішастар, тік ішектен несеп қуыққа өтіп, тік ішек - несеп қуық ұңғылын, excavatio rectovesicalis, түзеді.
Әйелдерде, ішастар, екі ұңғыл түзеді. Тік ішектен жатырға өтетін жолында, тік ішек – жатыр ұңғылын, excavatio rectouterina (Дуглас кеңістігі), және жатыр мен несеп қуықтың аралығында, жатыр - несеп қуық ұңғылын, excavatio құрайды.
Дуглас кеңістігінің диагностикалық маңызы зор. Жатыр түтігі жарылып кеткенде, немесе басқа ағзаларда қабыну үдерістері орын алған жағдайда, қан немесе қабыну сұйықтығы, ірің, Дуглас кеңістігінде жиналады. Ішастар жатырды интраперитоналды жабады. Ішастардың, жатыр мен кіші жамбастың бүйір қабырғасы арасында созылып жатқан, екі жапырақшадан тұратын бөлігі - жатырдың жалпақ байламы, lig. latum uteri, деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет