Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет2/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

206 – сурет. Шырышты қабық құрылымының сызбасы.
1 - шырышасты негізі; 2 – шырышты қабықтың бұлшықеттік табақшасы; 3 - шырышты қабықтың меншікті табақшасы; 4 - он екі елі ішек; 5 – эпителийлік қабат; 6 – лимфойдты түйінше.



Шырышты қабық үш қабаттан түзілген. Олар: эпителийлік қабат ( пішіндері әр – түрлі болып келеді), шырышты қабықтың меншікті табақшасы және шырышты қабықтың бұлшықеттік табақшасы. Әр түрлі ағзалардың шырышты қабығы мен шырышасты негізінің құрылымы жалпы алғанда бірдей немесе өте ұқсас болады. Атап айтқанда, шырышты қабық пен шырышасты негізінде бездер ( мыс., жұтқыншақ, асқазан,көмей, жатыр бездері), жекеленген лимфойдты түйіншелер (мыс.,өңеште,ішекте, кеңірдекте, несеп қуықта), қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.


Бұлшықетті қабық та өз алдына екі немесе үш қабаттан тұрады. Ал, іш қуысында орналасқан ағзалар ішастармен жабылған, бұл жағдайда олардың төртінші қабығы – сірлі қабық – деп аталады.
Ұлпалы ағзалардың қуысы болмайды, олар арнайы қызмет атқаратын жасушалар мен дәнекер тіннен(строма) түзілген. Мысалы, өкпе жасушалары (ацинус) тыныс алу, бүйрек жасушалары (нефрон) несеп шығару қызметтерін атқарады. Ағзалардың стромасы тірек және қоректендіру қызметтерін атқарады. Стромада қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады.
Ішкі ағзаларды оқып үйрену кезінде олардың топографиясы анықталады. Ағза топографиясын анықтау барысында голотопия , скелетотопия және синтопия деген ұғымдар қолданылады. Голотопия – деген түсінік ағзаның орналасқан жерін көрсетеді. Мыс.: асқазан іш қуысының жоғарғы бөлігінде, негізінен сол жақ қабырғаастында орналасады. Скелетотопия – ағзаның қандай сүйектің деңгейінде орналасатынын көрсететін түсінік. Мыс.: асқазанның жүректік (кардиялық) тесігі X – XI кеуде омыртқаларының сол жақ деңгейінде, ал, қақпалық тесігі XII кеуде немесе I бел омыртқасының оң жақ деңгейінде орналасады. Синтопия – ағзаның жанында орналасқан басқа ағзалармен арақатынасын көрсетеді.Мыс.: асқазанның алдыңғы қабырғасы кіші иіні аймағында - бауырға, денесі,түбі жәңе үлкен иіні аймағында - көкетке, алдыңғы қабырғасының кішкене үшбұрышты бөлігі - іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет