Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Тістер, dentes, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан. Тістердің түбірлері үздіксіз қосылыстардың бір түрі – қағу



бет5/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Тістер, dentes, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан. Тістердің түбірлері үздіксіз қосылыстардың бір түрі – қағу, gomphosis, арқылы ұяшықтарға бекіген ( 212 – сурет ).


212 – сурет. Тұрақты тістер, бүйір көрінісі.
1 – жоғарғыжақсүйек қойнауы; 2 - кіші азу тістер; 3 – ит тістер; 4 – күрек тістер; 5 – иек тесігі; 6 – үлкен азу тістер; 7 – төменгі жақсүйек.

Тістердің қызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау және дыбыстардың дұрыс айтылуына, сол арқылы анық сөйлеуге мүмкіндік туғызу. Ересек адамдарда 32 тіс болады. Алғашқы сүт тістер 6 айда пайда болады, ал 6 - 7 жастан бастап, олардың орнын тұрақты тістер алмастыра бастайды.


Әр тісте сауытын, мойнын және түбірін ажыратады. Тіс сауыты, corona dentis, тістің қызылиектің шығып тұратын бөлігі. Тіс түбірі, radix dentis, тістің жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан бөлігі. Тіс мойны, cervix dentis, тістің сауыт пен түбірдің арасындағы қызылиекпен қапсырылған жіңішке бөлігі ( 213 – сурет ).


213 – сурет. Тістің құрылымы.
1 – кіреуке; 2 - дентин; 3 – тіс ұлпасы; 4 – қызыл иек; 5 – цемент; 6 – периодонт ; 7 – сүйек тіні. I – тіс сауыты; II – тіс мойны; III – тіс түбірі; IY - тіс түбірінің өзегі.

Тіс сауытының 5 беттерін ажыратады. Жоғарғы және төменгі тістердің бір-бірімен жанасатын беті - шайнау беті, facies masticatoria, немесе қабысу беті, facies оcclusalis, деп аталады. Күрек және ит тістерде шайнау беті жоқ ,олардың кесетін жиегі, margo incisalis, ажыратылады. Тістердің тілге қараған жағы - тілдік беті, facies lingualis, деп аталады, жоғарғы тістерде оларды таңдайлық беті - деп те атайды. Ауыз кіреберісіне қараған жағы - кіреберістік беті, facies vestibularis, - деп аталады, бұл бетін алдыңғы тістерде - еріндік, ал, артқы тістерде - ұрттық беті - деп те атайды. Тістің екі жағындағы көрші тістермен жанасатын - жанасу беті, facies contactus, ажыратылады. Оның өзі екіге: тістік қатардың ортасына қараған медиалды бетіне, facies melialis, және тістік қатардың шетіне қараған латералды бетіне, facies lateralis, бөлінеді.


Тіс ішінде тіс қуысы, cavitas dentis, орналасқан. Бұл қуыс тіс сауытының қуысы, cavitas coronalis, және тіс түбірінің өзегі, canalis radicis dentis,- деп, екіге бөлінеді.
Тіс түбірінің дисталды шеті - оның ұшы, apex radicis dentis, деп, аталады. Тіс ұшының тесігі, foramen apicis dentis, арқылы, тіс қуысын толтырып тұратын тіс ұлпасына, pulpa dentis, баратын артериялар және нервтер, ұлпадан шығатын веналар мен лимфа тамырлары өтеді. Осы аталған анатомиялық құрылымдар тіс ұлпасының негізін құрайды.
Тістің – кіреуке, еnаmelum, дентин, dentinum, және цементтен, cementum, түзілген. Тістің негізін дентин құрайды, тіс сауытындағы дентин кіреукемен, ал түбіріндегі дентин цементпен қапталған.
Адамдарда төрт түрлі: күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу тістерді ажыратады ( 216 – сурет ). .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет