Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет6/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

216 – сурет. Оң жақтағы тұрақты тістердің пішіндері, тілдік беті.
1 – күрек тістер; 2 –ит тіс; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер.

Олар бір-бірінен тіс сауытының пішіні мен түбірлерінің ерекшеліктері арқылы ажыратылады.


Күрек тістер, dentes incisivi, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде төртеуден болады, екі медиалды, екі латералды күрек тістер ажыратылады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі түзу қашау, күректәрізді болып келеді. Күрек тістер бір түбірлі болады.
Жоғарғы күрек тістердің сауыты төменгілерге қарағанда үлкен болады. Олардың ішіндегі ең үлкені - медиалды жоғарғы күрек тіс болып табылады. Төменгі латералды күрек тіс медиалдысынан үлкен болады.
Ит тістер, dentes canini, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде екеуден болады. Олардың сауытының пішіні: кесетін жиегі бір – бірімен үшкір түзе қосылатын екі бөліктен тұрады. Ит тістерде де бір ұзын түбірі болады. Кейде жоғарғы және төменгі ит тістердің екі түбірлісі немесе ұштары екіге айырылғандары кездеседі. Жоғарғы ит тіс төменгісінен ірілеу болады.
Кіші азу тістер, dentes premolares, жоғарғы және төменгі жақсүйектерде төртеуден болады, ит тістердің артында орналасады, сауытының қабысу бетінің ерекшелігі – кіреберістік және тілдік - екі төмпешігі болады. Жоғарғы премолярларда жиі екі түбір кездеседі, ал, төменгілері бір түбірлі болады..
Үлкен азу тістер, dentes molares, - сауыты кубтәрізді, әр жақсүйекте алтаудан, жақсүйектің бір жағында үштен: 1-ші, 2-ші, 3- ші үлкен азу тістер орналасады. Алдынан артына қарай олардың көлемдері кішірейе береді. Үшінші үлкен азу тіс - ақыл тіс, dens serotinus, кеш шығу мерзімімен (12 - 26 жас аралығында) және шағын көлемімен ерекшеленеді.
Жоғарғы үлкен азу тістердің ерекшелігі – олар үш түбірлі болады. Түбірлердің екеуі ұрттық, біреуі тілдік деп аталады. Тіс сауытының шайнау бетінде негізінен төрт төмпешік орналасады. Жалпы 3-5 төмпешіктерден тұратын түрлері жиі кездеседі.
Төменгі үлкен азу тістердің ерекшелігі – олардың алдыңғы және артқы- екі түбірі болады. Тіс сауытының шайнау беті жиі төрт төмпешіктен тұрады. Жалпы 3-6 төмпешіктерден тұратын түрлері кездеседі.
. Сүт тістердің, dentes decidui, ішінде кіші азу тістер болмайды, үлкен азу тістері екеу болады. Сүт тістердің топтық формуласы:

2 0 1 2

2 1 0 2

2 0 1 2

2 1 0 2

Олардың құрылымы тұрақты тістердің құрылымы сияқты, бірақ, әрине көлемі кішкене болады. Кіреукенің түсі ақ – көкшілдеу болып келеді. Тіс сауыт пен түбірдің шекарасы өте айқын бөлініп тұрады.

Тістер жақсүйектерде – жоғарғы тістік доға, arcus dentalis superior, және төменгі тістік доға, arcus dentalis inferior, түзіп, симметриялы орналасады. Әр доғада 16 тістен орналасқан. Сагитталды жазықтықта әр доға тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8 тістен: 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші азу тіс және 3 үлкен азу тістен тұрады( 215 – сурет ). .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет