Этиологиясы және патогенезі. Этиологиясына қарай жарақаттанғаннан кейін дамитын жасанды және спонтанды пневмоторакс болады. Жараққаттан болатын пневмоторакстың себебі: өкпе туберкулезі, өкпе эмфиземасы, өкпе абсцесі, өкпе рагы. Бұл аурулардан кейін өкпе беті мен плевраның висцеральді ішкі беті жарылып, плевра қуысына ауа жиналады. Пневмоторакстың ашық,жабық түрлері болады. Ашық пневмотораста плевра қуысы тұрақты түрде атмосфера ауасымен қатынаста болады. Жабық пневмоторакста ауа плевра қуысына тыныс алған кезде енеді де, тыныс шығарған кезде кері шығады.
Негізгі шағымдары: кеуде сарайында болатын ауырғандық және біртіндеп күшейе түсетін демікпе.
Қарау : кеуденің ауру жағы тыныс алуда қалыңғы болады, не тыныс алуға қатыспайды. Қабырға аралықтары тегіс не шығыңқы болады.
Пальпацияда: пневмоторакс үстінде дауыс дірілі анықталмайды.
Перкуссияда: дабыл дыбысы болады.
Аускультация: жабық пневмоторакста ешқандай тыныс болмайды, ашық пневмоторакста бронх тынысы естілмейді.
Рентгенологиялық зерттеуе: өкпе суретінің жойылып кеткенін көруге болады, не болмаса өкпе ішке қарай ығысады.