Тыныс алу аурулары кезіндегі науқастардың төсектегі қалпы: бір бүйірінде жатады( құрғақ плевритте, өкпе қабынуында науқас ауру жағында жатады). Керуетте, қолын шетіне тіреп отыру (обструктивті жағдайларда) кеуде клеткасының экскурсиясын жеңілдетеді. Тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастарда жайылмалы цианоз кездеседі. Бірақ есте сақтау керек, анемиясы бар науқастарда ( гемоглобин 80 г/л төмен) цианоз анықталмайды. Өкпе эмфиземасы бар науқастарда мойын веналарының ұлғаюы кездеседі, ол кеуде ішілік қысымның жоғарлауынан болады.
Конституциясы – организмнің морфологиялық және функциональді ерекшелігіне байланысты: 1) нормостеникалық тип: бұлшық еті жақсы дамыған, бұғана үсті, бұғана асты ойықтары айқын көрінеді. Қабырлары қиғаш, төмен бағытталған. 2) Астеникалық тип: бұлшық еттері нашар жетілген, бұғана үсті, бұғана асты ойықтары терең, қабырғаралықтары кең. Қабыралары тігінен орналасқан. паренхиматозды ағлалардың өлшемі кіші, жүрек ілулі, шажырқайы ұзын, бүйрек төмен орналасқан. 3)гиперстеникалық тип: бұлшық еттері жақсы жетілген, мойны қысқа, қалың, қабырғааралықтары тар, бұғана үсті және бұғана асты ойығы айқын емес. Қабырғалары горионтальді орналасқан.