Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет130/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Стридорозды тыныс жоғары тыныс алу жолдарының механикалық кедергісінде кездеседі. Брадипноэ – тыныс алудың сиреуі. Бас миына қан құйылуда, ауыр гипоксияда, ауыр интоксикацияда, инфекциялық процесте кездеседі.
Тұншығу (asthma) – кенеттен пайда болатын айқын ауа жетіспеу, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілерімен жүреді. Қалыпты жағдайда тыныс алу жиілігі минутына 12-18 рет.





Ауру тарихы(Anamnesis morbi)
Науқасты сұрастыру барысында ауру қалай басталғандығын сұрау керек. Аурудың жедел басталуы жедел пневмонияға, әсіресе крупозды пневмонияға тән. Плеврит баяу басталады. Өкпе қатерлі ісігі мен өкпе туберкулезіне ауру симптомдарының белгі бермей басталуы және ұзақ, үдемелі ағымға ие сипаттың болуы тән. Жедел өкпе ауруларының көбі ( бронхит, пневмония, плеврит) суықтаумен байланысты. Аурудың себебін анықтау барысында эпидемиологиялық жағдайға көңіл бөлу керек. Мысалы: тұмау эпидемиясы кезінде тұмаулық пневмонияның, жедел бронхиттердің дамуы тән. Науқастардың туберкулезбен ауыратын адаммен қатынасын анықтап өту керек, бұл міндетті түрде. Жоғарыда айтылған аурулармен ауырса және байланыста болған науқастардан осыған дейін қандай тексерулер жүргізлігенін, қандай емдеу жүргізілгенін, оның нәтижесін сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет