Тыныстың патологиялық жиілеуі (тахипноэ) келесі себептерге байланысты болады: 1) майда бронх қуысының тарылуында немесе шырышты қабаттарындағы диффузды өзгерістерде (бронхиолит, балаларда кездеседі); 2) өкпе тыныс алу беткейінің азаюында, мысалы:өкпе қабынуында және туберкулезде; өкпенің қысылуында (экссудативті плевритте, гидроторакста, пневмоторакста, көкірек аралығындағы ісіктерде); ірі бронхтардың ісіктермен бітелуінде; өкпе артериялаларының тромб немесе эмболмен бітелуінде; айқын өкпе эмфиземасында , кейбір жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруы кезінде өкпенің қанмен немесе ісікпен толуы; 3) Тыныс алудың тереңдігінің жеткіліксіздігінде (құрғақ плеврит кезінде, жедел миозитте, қабырға аралық невралгияда, қабырға сынуында); диафрагманың жоғарға көтерілуіне алып келетін кенеттен құрсақ ішілік қысымның жоғарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |