Патологиялық тыныстың типтері: 1. Грокка тынысы – беткей тыныстар кезекпен терең тыныспен ауысып отырады. 2. Чейн – Стокс – апноэ периоды терең тыныспен ұзаруы. 3. Биота тынысы - апноэ периоды тыныс ырғағының қайта қалпына келуімен жүреді. Ми ісінуінде, инсультта, менингитта, энцефалитте кездеседі. 4. Терең Куссмаул тынысы – салыстырмалы түрде бір тегіс, шулы тыныс, тыныс алу орталығының токсикалық зақымдалуында. Диабеттік, уремиялық, бауыр комада кездеседі.
КЕУДЕ КЛЕТКАСЫНЫҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ
Пальпацияның мақсаты: 1) кеуде клеткасының формасын, тыныстың сипатын, анықтайды. 2)ауырсыну аймағын, айқындылығын анықтау.3) кеуде клеткасының резистенттілігін, эластикалығын анықтау.4)дыбыс дірілін анықтау.5) плевраның үйкелісін, шуын анықтау.
Кеуде клеткасының пальпациясы саусақ ұшымен, симметриялы бұғана үсті, бұғана асты, кеуде бұлшық ет аймағын, артқы жақтан жауырын аралықтарын, жауырын астынан жүргізіледі.
Кеуде клеткасының резистенттілігі немесе эластикалығы, қолмен алдынан,артынан, төменгі бүйір жақтан қысуы арқылы жүргізіледі. Дені сау адамдарда кеуде клеткасы эластикалық қасиетке ие. Егер экссудативті певрит болса немесе қабырғаралық плевраның ісігі болса пальпациялауда кеуде клеткасы регидті, тығыз болып келеді. Бұл жағдайда бірақ регидтілік бір жақты болады. Барлық кеуде клеткасының резистенттілігінің жоғарлауы – егде жастағы адамдарда (қабырға шеміршектерінің сүйектенуінен); эмфиземада, пневосклероза болады. Кеуде клеткасын басқан кезде қарсы тұруы жоғары екені анықталады.
Дауыс дірілі – дауыстың тыныс алу жолдары арқылы беткей өтуі нәтижесінде пайда болады. Бұл кеуде клеткасының механикалық тербелісі болып табылады. Оны жүргізу үшін екі жағдай болып керек: бронхтардың қалыпты өтімділігі, өкпе тіндерінің жағдайы. Дауыс дірілі анықтау үшін, дәрігер алақанын кеуде клеткасына симметриялы қойып, «Р»әріпі бар сөздерді айтқыздырады. Мысалы:Трицать три, трактор. Осы кезде дәрігер алақаны арқылы кеуде клеткасындағы дірілді сезеді. Қалыпты жағдайда ол смметриялы, бірдей,айқын,шамалы таралады. Дауыс дірілін анықтау: жауырын аралықтан, жауырын бұрышынан, бүйір аймақтан жүргізіледі. Патологиялық жағдайда дауыс дірілі әлсізденеді немесе күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |