Бұғананың орналасуын, бұғана үстілік ойықтың жағдайын, жауырынды бағалау. Өкпе ауруларын диагностикалауда бұғананың орналасуын, бұғана үстілік ойықты бағалау, жауырынды бағалау өзіндік маңызға ие. Мысалы бұғанасы мен жауырынның бір жақты жоғары орналасуы туберкулезді инфильтраттың өкпенің ұшында орналасқанында кездеседі, сонымен қатар крупозды пневмонияда, құрғақ плевритте, бір жақты кеуделік радикулитте, миозитте, қабырғаның сынуында да кездеседі. Бұғана мен жауырынның бұндай қалыпқа келуі париетальді плевраның ауырсыну рецепторларының шеттен тыс тітіркенуі нәтижесінде кеуде бұлшық еттерінің спазмы дамуынан болады. Бұғана үстілік ойықтың кенеттен ішке кіруі өкпеде фиброзды өзгерістер дамуы нәтижесінде, өкпе ұшының семуінен болады.
Тыныс жиілігі Тыныс алуды санау науқасқа білдірмей кеуде немесе іш қозғалысын санау арқылы жүргізіледі. Бірінші науқастын пульсін,сосын тыныс жиілігін минутқа санайды. Дені сау ересек адамдарда тыныс алу жиілігі минутына 16-20 рет. Жаңа туылған балаларда 40-45, бала өскен сайын бұл жиілік өзгереді. Адам ұйықтағанда тыныс алу жиілігі 12-14 рет минутына. Ал физикалық жүктемеде, эмоциональді жағдайларда, тамақ ішу кезінде жиілік жиілейді.