Воронка тәрізді кеуде клеткасы – бұл кезде нормастеникалық, гиперстеникалық, астеникалық формалы кеуде клеткасының төменгі аймағы воронка тәрізді жіңішкереді. Осы деформация төс сүйегінің дамуының аномалиясынан және ұзақ уақыттан оған компрессия әсер еткеннен болады.
Қайықша тәрізді (Ладьевидная)кеуде клеткасы-кеуденің тереңдеуі оның алдыңғы жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде болады. Өзінің формасы жағынан қайыққа ұқсас болып келеді. Бұндай жағдай жұлынның сирек ауруы – сирингомиелияда кездеседі.
Кеуде клеткасының деформациясы омыртқаның қисаюында да кездеседі. Мысалы: жарақаттан кейін, омыртқа туберкулезінде, анкилозирлеуші спондилоартритте (Бехтерев ауруында). Омыртқаның қисаюының 4 түрі бар: бүйіріне қарай қисаюы – сколиоз; омыртқаның артқа қисаюы –кифоз; алдыға қарай қисаюы – лордоз; алдыға және артқа қисаюы – кифосколиоз.