Өкпенің төменгі шекарасының вертикальді топографиялық сызықтар бойынша орналасуы:
Белгі сызықтар
|
Оң жақ
|
Сол жақ
|
Төс жанындағы сызық
Бұғана ортасы сызығы
Қолтықтың алдыңғы
Қолтықтың ортаңғы
Қолтықтың артқы
Жауырын сызығы
Омыртқа жанындағы
|
VI қабырға
VI қабырға аралығы
VII қабырға аралығы
VIII қабырға аралығы
IX қабырға аралығы
X қабырға аралығы
XI кеуде омыртқасы
|
-
-
VII қабырға
VIII қабырға
IX қабырға
X қабырға
XI кеуде омыртқасы
|
Өкпенің биіктігі мен кеуде өкпе эмфиземасы кезінде жоғарлайды, кішірейеді. Өкпе туберулезінде, өкпе ісігінде, пневмосклерозда. Көбіне өкпенің төменгі шекарасы өзгереді. Екі жақты өкпенің төменгі шекарасының түсуі өкпе демікпесі ұстамаларында, созылмалы өкпе эмфиземасында. Бір жақты өкпенің ығысып, төмендеуі бір жақты өкпе эмфиземасында,экссудативт плевритте, гидроторакста, пневмоторакста.
Төменгі шекарасының бір жақты жоғарлауы жиі: пневмосклерозда, циррозда, судың жинақталуынан, бауыр мен талақтың ұлғаюынан. Айқын асцитте және метеоризмде, жүктілікте өкпенің төменгі шекарасының екі жақты ығысуы болады. Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы терең тыныс алғанда, терең тыныс шығарғанда анықталады.
Оң жақ 3 топографиялық сызықтан(бұғана орта, қолтық асты, жауырын сызықтары бойынша анықталады ) сол жақтан екі сызық бойынша ( сол жақ қолтық асты сызығы, жауырын сызығы). Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы оң жақтан бұғана орта, жауырын сызықтары бойынша 4- 6 см(2-3 см тыныс алғанда, тыныс шығарғанда – 2-3 см); қолтық асты сызығы бойынша 8 см(3-4 см тыныс алғанда, тыныс шығарғанда).
Науқастың жағдайы ауыр болғанда, яғни тынысын ұстап тұра алмағанда өкпенің төменгі шекарасын анықтаудың басқа әдісі қолданылады. Қалыпты тыныс алу барысындағы өкпенің төменгі шекарасын белгілеп алғаннан кейін, науқастан терең тыныс алуын және терең тыныс шығаруын сұрады, осы кезде плессиметр –саусақ арқылы перкуторлы соққылауды төменге қарай жүргізіп отырады. Бастапқы кезде перкуторлы дыбыс тыныс алу кезінде қатты және төмен болып келеді(громким и низким), ал тыныс шығару кезінде – тыныш, жоғары болады(тихим и более высоким). Соңында перкуторлы дыбыстыныс алуда және тыныс шығаруда бірдей дыбыс беретін жерге тоқталады.
Өкпенің төменгі шекарасының белсенді қозғалысының төмендеуі өкпенің қабыну инфильтратында және өкпенің қанды іркілуінде, эмфизема кезінде, плевра қуысында массивті сұйықтық жиналуында болады.
Өкпенің төменгі шекарасының пассивті қозғалысы, яғни өкпе шетінің дене қалпын ауыстыру кезіндегі қозғалғыштығы . Дене қалпы вертикальді қалыптан горизонтальді қалыпқа өткенде өкпенің төменгі шекарасы төмен қарай 2 см түседі. Ал сол жақ қырынан жатқанда оң жақ өкпенің төменгі шеті 3-4 см төмен ығысады. Патологиялық жағдайларда өкпенің төменгі шекарасының жылжығыштығы жылдам шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |