ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ПЕРКУССИЯ Оны өкпенің шекарасын анықтауға, өкпе ұшының кеңдігін(Керниг алаңын), өкпенің төменгі аймағының қозғалғыштығын анықтауға қолданылады. Перкуссияны жоғарыдан төмен қарай симметриялы топографиялық сызықтар арқылы сол жақтан, оң жақтан жүргізеді. Бірақ сол жақтан екі сызық арқылы оны анықтамайды: парастернальді, бұғана орта сызығы бойынша. Өйткені сол жақтан үшінші қабырғадан жүректің салыстырмалы шекарасы басталады. Бұғана орта сызығына келетін болсақ – өкпенің төменгі шекарасын анықтау қиындық тудырады. Өйткені Траубе кеңістігінде тимпаникалық дыбыс естіледі(Бұл асқазан күмбезі аймағында газды көпіршіктердің болуына байланысты)
Төменгі шекараны анықтау кезінде плессиметр саусақ қабырғааралыққа – қабырғаға параллельді орналасады. Және тұйықталған дыбыс пайда болғанша соққылайды.
Өкпе ұшы биіктігін анықтау үшін плессиметр саусақты бұғана үсті ойыққа қойып, бұғанаға параллельді сатылы бұлшық ет бағытымен жоғары және медиальді жүргізеді. Қалыпты жағдайда өкпе ұшы биіктігі бұғанадан 3-4 см шығыңқы.Сол жақ ұшы оң жаққа қарағанда 0,5 -1 см жоғары.
Артқы жақтан өкпе ұшы биіктігін анықтау үшін плессиметр саусақты артқы жақтан жауырын үшкірінен параллельді орналасырып жоғары және ішке 7 мойын омыртқасының үшкір өсіндісіне қарай бағыттайды. Өкпе ұшының кеңдігін немесе Керниг алаңын трапеция тәрізді бұлшық еттің алдыңғы шеткі бойынша анықтайды. Ол үшін плессиметр саусақты осы бұлшық еттің ортасына қойып оның шетіне перпендикулляр бағыттайды. Содан кейін ішке және сыртқа тұйықталу пайда болғанша қағады. Керниг алағының көлемі 5-6 см.