Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Дауыс дірілінің әлсізденуі



бет141/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Дауыс дірілінің әлсізденуі: бронхтардың бітелуінде,обструкциялық ателектазда, өкпе эмфиземасында, пневмоторакста, экссудативті плевритте, гематоракста. Өйткені ауа және сұйықтық дыбысты нашар өткізеді.
Дауыс дірілінің күшеюі: өкпе тінінің тығыздалуында: ошақты, крупозды пневмонияда, инфильтрация сатысындағы өкпе абсцесінде,өкпе туберкулезінде, пневмосклерозда кездеседі.

ӨКПЕ ПЕРКУССИЯСЫ
Өкпе перкуссиясы 3 негізгі нысанаға ие:

  1. Перкуторля дыбыс қалыпты жағдайға сәйкес келема анықтау.

  2. Салыстырмалы перкуссия: оң және сол жақты дыбыстың симметриялығын анықтау.

  3. Топографиялық перкуссия: өкпенің жоғары және төменгі шекарасын, жылжығыштығын анықтау.

Өкпе беткейіндегі қалыпты жағдайдағы және патологиялық процесс кезіндегі перкуторлы дыбыстары:
Өкпе альвеоласында ауа болуына байланысты барлық өкпе алаңында – өкпелік дыбыс анықталады.
Патологиялық жағдайларды:

  • Тұйықталған дыбыстар – өкпенің барлық алаңында немесе жекелеген аймағында ауаның азаюына байланысты пайда болады. Бұндай жағдайлар: пневмосклероза, крупозды немесе ұсақ ошақты пневмонияларда, өкпе ісінуінде,компрессионды ателектазда,обструкциялық жағдайларды кездеседі.

  • Тұйық дыбыс – өкпеде ауа жоғалуында: ірі көлемдегі өкпе ісінуінде, ашылғанға дейінгі өкпе абсцесінде, экссудативті плервитте. Тұйық дыбыстар қысқа әрі тыныш болады.

  • Қорап тәрізді дыбыс – өкпе тінінде ауа көбейгенде. Өкпе эмфиземасында кездеседі. Өкпе тінінің эластикалық қасиеті төмендейді. Ол бос қорапқа ұрған тәрізді дыбысты еске түсіреді.

  • Тимпаникалық – 5 см кем емес іші ауаға толы қуыстар, өкпеде пайда болғанда естіледі. Бұл жағдай өкпе абсцесінде (ашылғаннан кейін), туберкулезді кавернада, пневмоторакста кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет