Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет146/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ӨКПЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ
Аускультацияны жүргізу ережелері:

  1. Бөлме тыныш болуы керек

  2. Науқас вертикальді қалпында(отырған немесе тұрған)

  3. Аускультация өкпе перкуссиясы тәрізді салыстырмалы болуы керек

  4. Өкпені тыңдау, перкуссиядан айырмашылығы топографиялық сызықтар бойынша емес, аймақтар бойынша, бұғана үсті аймағынан басталыпғ үлкен кеуде бұлшық ет аймағы, төменгі латериальді кеуде клеткасы беткейінен тыңдалады. Артқы жақтан беткей өкпе аускультациясы артқы өкпе ұшы аймағында,жауырын аралықтан бұл кезде науқас қолын алдыңғы жақтан айқастыру керек. Одан кейін жауырын асты, төмен латеральді аймақтар кезектесіп тыңдалады.

  5. Алдымен негізгі тыныс шуларын анықтайды. Бұл кезде науқас мұрын арқылы орташа тереңдікте бір тегіс тыныс алады.

  6. Кейін науқастан терең тыныс алуын сұрайды. Ауыз арқылы. Бұл кезде жағымсыз қосымша шулар анықталады. Осы мақсатта науқастан жөтелуін, тез тыныс алуын сұрайды.



Негізгі тыныс шулары:

  1. Везикулярлы тыныс, бронхиальді тыныс жатады.

Везикулярлы тыныс қалыпты жағдайда өкпенің барлық алаңынан тыңдалады. Бұл тыныс тыныс алу кезінде өкпе альвеола қабырғасының тербелуінен,альвеолалардың ауамен толуынан пайда болады. Дем шығару төмендейді. Везикулярлы тыныс жұмсақ, үрлемелі «Ф» әріпіне ұқсас. Везикулярлы тынысқа әсер етеді: 1) өкпе тінінің эластикалық қасиеті.2)тыныс алуға қатысатын альвеола саны.3) альвеолалардың ауамен толу процесі және жылдамдығы 4)тыныс алу ұзақтығы және шығару ұзақтығы 5) кеуде клеткасы, плевральді жапырақша плевра қуысының өзгеруі. 6) бронх өткізгіштігі
Везикулярлы тыныстың өзгеруі
Везикулярлы тыныс күшейген немесе әлсіреген болуы мүмкін. Физиологиялық везикулрлы тыныс әлсіреуі – кеуде клеткасының қалыңдауында (семіздікте) кездеседі. Физиологиялық везикулярлы тыныстың күшеюі – астеникалық дене бітімі бар адамдарда, бұлшық ет және тері асты май клетчаткалары әлсіз жетілген адамдарда кездеседі. Балаларда жоғары эластикалық өкпе тіні және кеуде клеткасы жұқа болуына байланысты везикулярлы тыныс қатты және тез болады. Ол пурэльді тыныс деп аталады. Патологиялық жағдайда везикулярлы тыныс екі өкпеде бірдей өзгеруі мүмкін немесе бір өкпеде немесе шектелген ошақтарда
Патологиялық везикулярлы тыныс мына жағдайларда кездеседі:

  1. Өкпе тінінің жоғары ауалығында – өкпе эмфиземасы. Бұл кезде өкпе тінінің эластикалық қасиеті төмендейді.

  2. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қабыну процесі болғанда, бұл кезде альвеоланың қабырғасының қабынып ісінуі болады. Қабырғасы аз қозғалмалы.

  3. Жайылмалы немесе ірі ошақты пневмосклерозда, өкпе ісінуінде

  4. Ауа өту жолдары арқылы,альвеолаларға жеткілікті ауа түспеуінде (бронхтардағы бөгде дене, бронхтардың ісінуі)

  5. Плевра жапырақшасына сұйықтықтың жиналуы(гидроторакс, плеврит) немесе ауа жиналуы

  6. Қабырғааралық бұлшық еттердің зақымдалуы (миозит, миастения, қабырға сынуы, кеуде клеткасының зақымдалуы)

Везикулярлы тыныстың патологиялық күшеюі: майда бронх қуыстарының айқын емес тарылуында, бронхоспазмда, ісінулерде. Везикулярлы тыныстың күшеюі – қатаң тыныс деп айқындалып өтеді. Бұл жағдайлар майда бронхтардың бәрдей емес тарылуында, бронхиттерде, ошақты пневмонияларда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет